Тілім - тағдырым

Өскемен қаласында Қазыбек би даңғылының ашылу салтанаты болды

  • Өскемен қаласында Қазыбек би даңғылының ашылу салтанаты болды

    Өскемен қаласында Қазыбек би даңғылының ашылу салтанаты болды

Өскемен қаласында Қазыбек би даңғылының ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Алаш айнасы.

Бұған дейін бұл көше Карл Маркс даңғылы болып аталып келген. Жағымды жаңалық облыстық қоғамдық кеңестің көктемде өткен кезекті мәжілісінде көтеріліп, айтылған еді. Енді міне сол шешім салтанатты түрде нақты іске асып Өскемен қаласының 19-ықшам ауданында Қазыбек би даңғылы ашылып жатыр. Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері.

Жиынға қала тұрғындары көп жиналды. Іс-шара барысында «Нұр Отан» партиясының Өскемен қаласындағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майра Екібасова, облыстық соттың төрағасы Нұрлан Қайырбеков, қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Сайлаухан Аухадиев, салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы облыстық филиалының төрағасы Түсіпхан Түсіпбековтер құттықтау сөз сөйледі.

Облыстық соттың төрағасы Нұрлан Қайырбеков осындай маңызды оқиғаға куә болған жұртшылықты құттықтай отырып: «Өскемен қаласында тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі Қазыбек би атындағы көшенің ашылуы айтулы шаралардың бірі. Міне, бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арқасында тарихымызды, мәдениетіміз бен ұлттық рухымызды жаңғыртып, байыта түсуге қол жеткізудеміз. Бұл шара ұлы тұлғаларымызды ұлықтап, бабалармызға жасаған құрметіміз, келер ұрпаққа көрсеткен өнегеміз» – деді.

Сонымен қатар Нұрлан Қайырбеков Қаз дауысты Қазыбек бидің тарихтаға атқарған істері мен алар орынына да тоқталып өтті.

Салтанатты шарада осы игі істің жүзеге асуына еңбегі сіңген қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сайлаухан Аухадиевке, №1 қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аман Солтанғалиевке және осы кеңес төрағасының орынбасары Евдокия Максимоваларға сый-құрмет көрсетіліп, алғыс хаттармен марапатталды.

Еске сала кетейік, бұл мәселенің көтерілгеніне де біраз уақыт болды. Биылғы жылдың көктемінде өткен облыстық қоғамдық кеңестің кезекті мәжілісінде облыстық мәслихаттың және әкімдіктің осыған қатысты бірлескен шешімі мен қаулы жобасын тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Роза Төлемісова мәлімдеген болатын. Ол жиналғандарды Өскемен қаласындағы аты өзгеретін көшелер тізімімен таныстырған еді.

Осындай игі шаралар елімізде жүргізіліп жатқан тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында іске асып жатқаны сөзсіз. Бағдарламады ономастика саласындағы жұмысты жетілдіру арқылы, ең алдымен, ономастикалық жұмыстарды жүргізген кезде ашықтық қағидаттарын енгізу, қоғамдық пікірді ескеру, шешімдерді қабылдау процесіне азаматтық қоғам институттарын және бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту көзделеу керектігі айтылған. Сонымен қатар, нәтижеге қол жеткізу үшін ономастика саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіре түсу, сондай-ақ географиялық объектілердің атауларын мемлекеттік тілде жазу, оны орыс және басқа да тілдерде транслитерациялаудың ережелерін әзірлеу талап етілген.


Нұрлы Еділов


 




Көрілген: 1065    Пікірлер: 0

сенбі, 22.09.2018, 20:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30