Отансүйгіштік қасиет ұлт мұрасын меңгеруден басталады
2018 жылдың сәуiрдiң 5-i күнi бiлiм беру мекемелерiнiң оқушылары арасында «Мен жастарға сенемiн» атауымен қалалық ашық айтысы өттi. Ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған жыр додасында терiскейлiк және көкшетаулық сөз зергерлерi бақ сынады.
Байқаудың басты мақсаты:
• Жас ақындарды анықтау, қолдау көрсету, ынталандыру;
• Жас буынды ұлттық мәдени мен рухани құндылықтарды, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
• Жас таланттардың шығармашылығын кеңейту, шеберлiктерiн шыңдау, шығармаларын оқушылар арасында насихаттау.
Байқауға қатысушылар ақындар қазақстандық патриотизiмдi, ана тiлiмiздiң баға жетпес байлығын, сөз құдiретiн, бабалардан қалған асыл мұралардың сарқылмас қазынасын тiлге тиек етiп, сахнада өз қабiлеттiктерiн бiлдiрдi.
Мектеп оқушылар арасында екiншi рет өткен жас ақындар байқауында балалар мемлекеттiк тiлдi меңгеруiне, қазақтың тарихы мен мәдениетiн және ақындар туралы шығармаларын айтуға тырысты. Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған оқушылар айтысы 10 бiрдей дарынды жастың басын қосты. Олардың 4-еуi iргедегi Көкшетау қаласынан келдi
Нәтижесiнде сарапшылары үмiткерлер өнерiн бағалау кезiнде олардың өлең-жырларындағы сөз қолданысы, ой жүйелiгi мен тереңдiгiне, көркемдiк ерекшелiгiне, шешендiгiне аса назар аударып келесi жеңiмпаздарды анықтады:
Бас жүлде — М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректорының грантына Дәулет Құрмаш ие болды — Айыртау ауданы;
I орын Сая Тұрсынбекқызы — Көкшетау қаласы;
II орын Аяғанов Диас, Әбу Досмұхамбетов атындағы «Дарын» мектебiнiң оқушысы;
III орын Базғұр Ерболқызы — Көкшетау қаласы;
III орын Құлахметова Сара «Жас қаламгер» клубының мүшесi.
Байқауға жалпы 10 үмiткер қатысты.
Байқауға қатысқан ұл-қыздарға диплом және бағалы сыйлықтар табысталды.
С. Ақынжанов