Тілім - тағдырым

«Тарихи атауларды қайтару – тарихи жаңғыру кепілі»

  • Фотосуреттерді түсірген Рафхат Халелов.

    Фотосуреттерді түсірген Рафхат Халелов.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттік ономастикалық саясаттың мақсат мүдделерін ұғындыру, өңірдегі ономастикалық бірліктерді зерделеу мен ел аумағындағы атауларды қалпына келтірудің негізгі міндеттері мен бағыттарын насихаттау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Мақсаты мемлекеттік ономастикалық саясат мәселелеріндегі проблемаларды және оны шешу жолдарын талқылау.


Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы 2019 жылдың 17-21 маусым аралығында «Ономастика – мемлекеттік идеологияның негізі» тақырыбында танымдық семинар кездесулер және «Тарихи атауларды қайтару - тарихи жаңғыру кепілі» тақырыбында қорытынды дөңгелек үстел өткізді. Жиын республикамызға танымал саясаттанушы, лингвист ғалым, «Ұлт тағдыры» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дос Көшім, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің лингвистикалық жұмыстар басқармасының бас сарапшысы Төрехан Елерке және әр облыстан келген тілдерді дамыту басқармасының ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімінің басшыларының қатысуымен өтті.  Аталған кездесуге cтуденттер, тілші мамандар, ғалымдар, орта және жалпы, жоғары білім беру ұйымдарының педагогтары, мемлекеттік мекемелерінің іс-жүргізуші мамандары, арнайы осы мәселелермен айналасатын басқада мамандар, тіл жанашырлары шақырылды. 



Басқосуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттік ономастикалық саясаттың мақсат мүдделерін ұғындыру, өңірдегі ономастикалық бірліктерді зерделеу мен ел аумағындағы атауларды қалпына келтірудің негізгі міндеттері мен бағыттарын насихаттау. Жүргізіліп жатқан мемлекеттік ономастикалық саясат мәселелеріндегі проблемаларды және оның шешу жолдарын талқылау;

- Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы ұлттық код, ұлттық мәселелерден туындайтын міндеттер; - Мемлекеттік тіл саясатын қолдау, ономастиканың мемлекеттік тілді дамытудағы маңызы;

- Тарихи атауларды қайтару - тарихи жаңғыру кепілі екенін насихаттау, - сияқты көптеген мәселелер қаралды. 

Жоғарыда айтылған мақсат, міндеттерге орай, орыс тілді азаматтар басым тұратын аймақтарда Бәйтерек, Теректі, Бөрлі аудандарында қоғамдық ұйымдардың, диаспоралардың, жергілікті мемлекеттік мекемелер мен азаматтық топтардың өкілдерін қатыстыра отырып «Ономастика – мемлекеттік идеологияның негізі» тақырыбындағы деп аталатын дөңгелек үстелдер, танымдық кездесулер мен орыс тілді әлеуметтік топ өкілдері арасында кездесу-семинарлар өткізу қажеттілігі анық байқалды.

Семинар кездесулердің тағы бір міндеті – осы іс-шаралар арқылы орыс тілді аймақтардағы бүгінгі мемлекеттік тілдің жағдайы, ономастика мәселесі, тарихи атауларды қайтарудың өзекті мәселелерін анықтау болды. Сонымен қатар, кездесу барысында тілдік жағдайды жақсартудың жаңа жолдарын іздестіру, азаматтық қоғам өкілдерінен ономастика бағытында ұсыныстар алу және тарихи атауларды қайтарудағы азаматтық қоғам өкілдерінің санасын жаңғырту сияқты тақырыптар да талқыланды.

Аталған мәселелер бойынша кездесу семинарлар, дөңгелек үстелдер облысымыздағы орыс тілді орта көп шоғырланған Бөрлі (Пугачев ауылы, Ақсай қаласы), Теректі (Подстепный ауылы, Чаган, Федоровка ауылы), Бәйтерек (Дариян ауылы, Переметное, Үлкен Шаған ауылы) аудандарда өтіп, кездесу соңынан аталған тұлғалар өңірлік баспасөз тілшілерімен арнайы пресс-конференция өткізді.


Рафхат Халелов.




Көрілген: 244    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.06.2019, 11:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31