Тілім - тағдырым

Тіл мәселесін талқылайтын республикалық семинар өтеді

  • Тіл мәселесін талқылайтын республикалық семинар өтеді

    Тіл мәселесін талқылайтын республикалық семинар өтеді

10-12 қазанда Жамбыл облысының Талас ауданы Қаратау қаласы, Рысқұлов ауданы Құлан селосы және Тараз қаласында мемлекеттік тілді дамытуды насихаттауға бағытталған «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» республикалық семинар өтеді, - деп хабарлайды Алаш айнасы.


Шараны Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ұйымдастырып отыр.


Жиынға қатысушылар қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін көтеру, ұлттық болмысымызды бабалар тілімен жеткізу, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту, рухани мәдениетімізді көтеру, қазақ әліпбиін латын графикасына негізделген жаңа қаріпке көшірудің маңыздылығы, идеологиялық тұрғыдан ескірген елдімекендер мен көшелердің атауы, олардың тарихи атауларын қайтару, сонымен қатар тарихи жер-су атауларын, ұлттық танымға жақын дәстүрлі атауларды беру және т.б. турасында сөз қозғап, пікір алмаспақ.


Семинарға Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Дос Көшім, саясаткер Расул Жұмалы, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Дулатитану ғылыми-зерттеу орталығының директоры филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Құлбарақ, Жамбыл облысы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова, облыстық баспасөз құралдарының бас редакторлары қатысады.


 


Нұрлы Еділов


 


 




Көрілген: 712    Пікірлер: 0

жұма, 05.10.2018, 12:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31