Тілім - тағдырым

ТІЛ ОРТАЛЫҒЫ ТІЛДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК МӘРТЕБЕСІН БЕКІТЕ ТҮСЕДІ

  • ТІЛ ОРТАЛЫҒЫ ТІЛДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК МӘРТЕБЕСІН БЕКІТЕ ТҮСЕДІ

    ТІЛ ОРТАЛЫҒЫ ТІЛДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК МӘРТЕБЕСІН БЕКІТЕ ТҮСЕДІ

Мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру аса маңызды іс екені анық. Оны шешу жолдары «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» айқын көрсетілген.



Ал, аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру негізгі төрт міндеттен тұрады: біріншісі – мемлекеттік тілді ұлт бірлігінің басты факторы ретінде нығайту, екіншісі – мемлекеттік тілді кеңінен қолдауды көпшілікке тарату, үшіншісі – дамыған тіл мәдениеті зиялы ұлттың басты күш-қуаты екенін көрсету, сондай-ақ соңғы мақсат – Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту. Міне, осы мақсат-міндетті түбегейлі жүзеге асыру үшін таяуда Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық орталығы құрылды. Елордадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханада Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ашылу салтанаты өтті. Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі отандық ғалымдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. «Алға қойған мақсат - өте күрделі, өте маңызды. Неге десеңіздер, біз қазір Елбасының тапсырмасына сәйкес, латын әліпбиіне көшу жұмысын міндетті түрде іске асыруымыз керек. Сол атқарылар шаруалардың үлкен ауыртпашылығы да осы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына түседі. Сол орталықтың жұмысына әрине, біз үлкен жеміс тілейміз. Орталықты басқаруға еліміздің белгілі азаматы, дүниежүзіне танымал ғалым, Сенат депутаты болған, қазіргі кезде де еліміздегі үлкен шараларға атсалысып жүрген профессор Ғарифолла Есім ағамызды шақырып отырмыз», - деді орталықтың ашылуында Арыстанбек Мұхамедиұлы. Министр орталықты басқаруға келісім берген Ғарифолла Есімге алғысын білдірді. Өз кезегінде философия ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Ғарифолла Есім орталықтың ашылуына келген барлық азаматтарға рахмет айтты. «Елбасының тікелей айтуымен Үкімет «Тіл-Қазына» коммерциялық емес орталығын құрды. Ең бастысы - Елбасына ризашылығымызды білдіруіміз керек. Ол кісі өткен жылы үш нәрсе барын атады: бірінші - Тәуелсіздік, екінші - Астана, үшінші - латын әліпбиі өтуіміз. Бұл қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуі - ірі мәдени-тарихи шара деп түсінеміз. Тілдің тәуелсіздігі осы ма деп ойлаймын. Өйткені, өзіміздің жазуымыз болады. Ел есін жинап, халық болып жетілген кезде өзін бір бекзаттық жолға қарай ынталандырады. Яғни, тәуелсіз, өзін-өзі жеткізе алатын дәрежеге жетуі керек. Демек, қазақтың латынға өтуі де маңызды. Біз әрине мамандармен, үлкен ағалармен ақылдаса отырып, депутаттармен кеңесіп, ылғи мәселелерді көтеріп отырамыз. Бір аңғарғаным - осы іс ағынды су секілді жүріп кетеді деп те айта алмаймын. Ағынды суда бөгет жатуы мүмкін. Сол мәселелерді қалай алып кете аламыз? Бұның бәрі осындағы және облыстардағы зиялы қауымға байланысты», - деді Ғарифолла Есім. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығын қайта құру арқылы Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығын құрып отыр. Орталық латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін көшіру бойынша ведомствоаралық жұмыстарды үйлестіруді, филология саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуді, сондай-ақ, орфографиялық ережелерді дайындауды, оларды апробациядан өткізу, мемлекеттік тілді жеделдетіп оқытуды ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ететін болады. Тіл – қарым-қатынас құралы ретінде өмірдің барлық саласында қолданысқа түседі. Бірақ, тілдің өзіндік даму заңдылықтары мен тәртібі бар. Міне, осы заңдылықтарды сақтай отырып, тілді заманға бейімдеу керек, жетілдіріп отыру қажет. Жаңа ғылыми-тәжірибелік орталық тілдің мемлекеттік мәртебесіне сәйкес дамуына тың серпін беруге тиіс.


С. Ақынжанов.




Көрілген: 5564    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.05.2018, 16:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31