Тілді дамытудың да өзіндік идеологиясы болады

Тілді дамытудың да өзіндік идеологиясы болады

Елдің бірнеше тілді меңгеру мәселесі ең алғаш 2006 ж. қазан айында Қазақстан халқы Ассамблеясының 12-ші сессиясында көтерілді. 2007 ж. 28 ақпанында Елбасы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» арнайы жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынды. Бұл тапсырмалар Жолдаудың «Қазақстан халықтарының рухани дамуы және үштұғырлы тіл саясаты» атты 26-бағытында көрініс тапқан.
«Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».
Елбасының бұл бастамасының терең философиялық астары бар. Мұны қай жағынан алып қарасақ та, қазақ тілін ұлықтаумен қатар, үштілділік-көптілділік арқылы алдыңғы қатарлы әлемдік дамыған елдердің санатына енуге жетелейді.
2013 ж. 18 қазан айында өткен «Нұр Отан» партиясының съезінде Президент қазақтілді тұрғындары басым аймақтарда іс қағаздарын жүргізу мемлекеттік тілге ауыссын, деп айтты. Қазақтілді тұрғындары басым емес өңірлерде екі тілде – мемлекеттік және ресми тілдерде жұмыс істеген жөн. Басқаша айтқанда ағылшын, француз, түрік тілдерін жақсы біл, бірақ мемлекеттік тілді білу елдің азаматы үшін міндетті талап деді.
Бұл тұста ұлттық тілдерін қайта өрлете білген Түркия, Израиль (иврит), Украина елдерінің, сонымен қатар, қайта жаңартылған – малай тілі және т.б. сияқты тәжірибелерді ескере отыру қажет. Аталған елдер өз тілдерін қалай жаңғыртты, қандай технологиялар мен әдістерді қолданды? Мысалы, иврит тілі екі мың жыл бұрын өліп, қазіргі таңда қайта жаңғыртылған тілдердің бірі.
Қазақ тілінің «исландизация» феноменінің апанына түсіп қалу қауіпі бар, бұл дегеніміз - әлемде кеңінен қолданыста жүрген сөздер мен сөз тіркестерінің белгілі бір этностың тіліне аударыла бастауы.
Осы тұрғыда Сингапур елінің тәжірибесін ескерген жөн, олар алғаш тәуелсіздік алған жылдары біршама кедергілерді бастан өткерді, тілдері ағылшын тілімен әбден араласып кеткен еді (синглиш – сингапурлық ағылшын тілі, ағылшын тілі мен жергілікті диалектілердің қосындысы).
Түркия латын әліпбиіне толығымен өтті. Латын әліпбиіне өтудің басты факторлары ретінде төмендегілерді атауға болады:
– батыстық өркениетке бір қадам жақындау мақсатында;
– Осман әліпбиінің күрделілігі және түрік әліпбиінің грамматикасымен сәйкес келмеуі.
К. Ататүрік негізін қалаған «Тіл комитеті», 5 айлық мерзімде түрік әліпбиінің жаңа түрін қалыптастырды. 1928 ж. 1 қарашасында 29 әріптен тұратын жаңа түрік әліпбиі қабылданды.
Түркияның дәл осы тәжірибесі Әзірбайжан мен Өзбекстанның латын әліпбиіне көшуіне себеп болды.
Қазақ тілінің дамуына қатысты тар түсініктерден арылу керек. Бұл саяси құрал емес. Латын әліпбиіне көшу – қазіргі заман талабы, бірегейлігіміз бен даралығымызды сақтап қалу мен нығайтуға жетелейді. Қазақ тілінің жетік меңгерілуі – қазақ ділінің мәнісін, даму жолындағы ұжымдық қозғалыс пен тарих құрамдастарын, заманауи болмыс және қазақ халқының ниетінің маңыздылығын сана елегінен өткізу, қоғамдық сана-сезімді тереңінен түсіну арқылы іске асады.
Тілдердің үштұғырлығы саясатының астарында ел азаматтарының қазақ тілін меңгеру міндеті жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше рет атап өткендей, мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстанның әрбір азаматының міндеті мен парызы болуы керек. Қазірдің өзінде еліміздегі оқушылардың 60 пайыздан астамы мемлекеттік тілде оқиды. Мемлекеттік тіл барлық мектептерде оқытылады. Бұл – егер бала биыл мектепке барса, енді он-он екі жылдан соң жаппай қазақша білетін қазақстандықтардың жаңа ұрпағы қалыптасады деген сөз. Нәтижесінде, ҚР 2020 жылға дейін тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының басты міндеттері шешіледі. Қазақстанның тіл саясатында орыс тіліне ерекше назар аударылған. Ол қазіргі заманда кең таралған әрі әлемдік тілдердің қатарында. Ол қазақ ұлтының дамуы мен Қазақстанның ішкі және сыртқы қарым-қатынастарында маңызды рөл атқарды. Ал, үшінші маңызды элемент, дүние жүзі бойынша алдыңғы қатарда тұрған – ағылшын тілі. Ағылшын тілі қазақстандықтар үшін әлем мен жаһандауға жол ашады. Бүгінгі таңда, ағылшын тілін меңгеру қазақстандық қоғам үшін игі қадам және кәсіби өсуге де қосымша жол ашатын маңызды ресурс болып табылады.

Берік Садықов

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста