Тілдің мемлекеттік мәртебесі отбасынан басталады

Тілдің мемлекеттік мәртебесі отбасынан басталады

Отбасы – шағын мемлекет деген қағида текке айтылмаған. Шын мәнінде де болашақ ел азаматы – сәбидің, баланың барлық болмысы, ұстанымы мен арман-мақсаты ең алдымен отбасында қалыптасатыны анық. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейді халық даналығы. Шағын мемлекеттегі «мемлекеттік тіл» қандай болса, ертеңгі өмірі мен ұстанымы да соның айналасында болады. Егер терең мән беріп көрсек, Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!» деуі жай ғана пікір, реплика емес. Бұл ойдың терең астары бар. Ресми дерек бойынша Қазақстандағы қазақ саны қазір 71 пайыздан асып отыр. Қазақтардың демографиялық өсім динамикасы да жыл сайын артып келеді. Олай болса, біраз уақыттан кейін бұл көрсеткіш 80 пайызға жетеді. Мемлекет халқының 80 пайызы өз ана тілінде сөйлейтін болса, біраздан соң мемлекеттік тілдің түйіні өз-өзінен шешіле бастамай ма? Тіл мәселесі ешуақытта ешбір мемлекетте оңай шешілмеген. Қазір бір одаққа бірігіп отырған дамыған Еуропа халықтарының өзінде тілге байланысты тартыс бар. Әрбір ұлт өкілдері Европарламент мінберінен өз тілінің естілгенін қалайды. Яғни, тіл мәселесі бір күнде, бір шешіммен қабылдана қоятын дүние емес. Сондықтан да «көпшіліктің» тілі ерте ме, кеш пе, негізгі тілге айналатыны хақ дүние. Өзге ұлт өкілдері де болашақта көпшіліктің тілінде сөйлеуге мәжбүр болады. Ол да тарихи дәлелденген ақииқат. Осылайша, «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!» ұстанымы тіл мәселесін текетіреске жеткізбей, біртіндеп шешіп жіберудің бір жолы ма деймін. Қазақстандағы тіл саясаты осындай бірқалыпты бағытпен жүріп келеді. Ешқандай қақтығыссыз жеміске жетудің жолы бұл. Дәл осының саяси бағытқа айналғанын көрсететін дүниенің бірі – мемлекеттік бағдарлама да осыны меңзейді. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында былай жазылған: « Мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу жөніндегі жұмысқа бірлескен акциялар өткізу арқылы мемлекеттік-жекеше серіктестік әдістерін тарту көзделеді.Мемлекеттік тілді отбасы құндылығы ретінде көпшіліктің қолдануына қол жеткізу аталған жүйенің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақ тілінде сөйлейтін, оның ішінде этностар мен шетелдік диаспоралар өкілдерінің танымал отбасыларын РR жұмысына тарту арқылы мемлекеттік тілді отбасындағы қарым-қатынас тілі ретінде көпшіліктің қолдануына қол жеткізу жөнінде ауқымды науқан ұйымдастыру көзделеді». Ендігі мәселе, осы бір сындарлы да байсалды саясатты әрбір қазақ баласы мен отбасы түсініп, осы бағытты ұстанса дұрыс болар еді. Ұлт тілін отбасында ұстану – балаларды сөйлету, яғни болашаққа дән себу. Ал, әр қазақ қазақпен қазақша сөйлессін деген ұстаным – бүкіл халықты мемлекеттік тілде сөйлету екені анық. Қазіргі оң өзгерістер мен демографиялық толқын соған апара жатыр. Көпшіліктің қолданыстағы тілі биікке шықпай қоймайды.

С. Ақынжанов

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста