Тіліміздің тазалығы өзекті мәселе

Тіліміздің тазалығы өзекті мәселе

Бүгінгі таңда тіліміздің тазалығы өзекті мәселенің біріне айналды. Қазақ тілі бай, өте құнарлы тіл. Соған қармастан, қазір сол ғажап тіліміздің бұзылып бара жатқаны көңіл алаңдатады. Оның себебі мен салдары көп. Оған жеке-жеке тоқталып өтуге де болады. Бірақ ол ұзақ әңгіме. Сондықтан тіліміздің тазалығы үшін күресу әр қазақтың басты мұраты, перзенттік парызы болуы керек. Ғылым-білімнің, жалпы қай салада болсын емін-еркін қолдануға тіліміздің қоры молынан жетері сөзсіз.
Қай халықтың тілі болсын ғасырлар бойы сол халықпен бірге дамып, көркейіп, көріктеніп отырады. Бізде баларымыздан мұра боп қалған басты байлығымыз тіліміздің дұрыс жолмен дамып, таза, табиғи қалпын бұзбай болашақтың көшінде мерейі үстем болуына атсалысуымыз керек.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында тіл мәселесі туралы «Елдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі. Бұл бағыттағы проблемалы мәселелер, ең алдымен, халықаралық коммуникациялар, демалу мен ойын-сауық саласында мемлекеттік тілді белсенді қолдану аясының кеңеюіне, оны заңның, ғылымның және жаңа технологиялардың тілі ретінде дамытуға байланысты болып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру, оны отбасы құндылығы ретінде таныту сияқты мәселелердің маңызды тізбесі проблемалы болып табылады, сондай-ақ тіл саласындағы кейбір келеңсіз дақпырттар мен таптаурын пікірлер де осы проблемалардың қатарынан орын алып отыр» деп өзекті түйткілді нақты атап өткен.
Ал, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев тіл мәселесіне әрдайым алаңдап өзінің жолдауларында, мақалаларында, баяндамаларында өзекті ойларын айтып, бұл мәселеге үнемі көңіл аударып отырғанын барлығымыз білеміз. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап-ақ сан түрлі ойларын айтып, тілімізді дамыту үшін қаншама бағдарламаларды қабылдады. 1999 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының «Ана тілі айбары» атты алтын белгісінің тапсырылуы салтанатында «…Біз өзіміз, қазақ халқы, халық болып, ұлт болып бәріміз тілімізді қолдауымыз керек және бүкіл қазақстандықтарға осы тілді қастерлеп үйретуіміз керек», - деген ұлағатты сөзі әр қазақтың жадында болар. Бұндай мысалдарды жүздеп мыңдап келтіре беруге де болады. Осы сара жолды Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та жалғасытыруды қолға алды. Жақында ғана басылымдарға берген сұхабаттарында мемлекет басшысы өзекті ойларын айтып өтті. «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Міне көшбасшыларымыздың осындай қолдауларынан кейін тіліміздің болашағы жарқын боларына деген сеніміміз нығайған үстіне нығая түседі.
Біздің әрбіріміз осы жолда аянбай еңбек етуді азаматтық парызымыз санауға тиіспіз. Әсіресе мемлекетттік қызметте жүрген азаматтар тіл тазалығына ерекше мән бересе нұр үстіне нұр болар еді. Ондай азаматтар атқарып жатқан іргелі істер де жеткілікті. Әсіресе еліміздің жүрегі елордамызда атқарылып жатқан жұмыстар ерекше көңіл көншітеді. Бас қаламыздың төрінде туған тілміздің маңдайы әрдайым жарқырап тұратыны анық.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қаналимовтың тілміздің тазалығы туралы айтқан сөзі, жасаған мәлімдемесі соның бір айғағындай деуге болар.
«Тіл тазалығы – қалалық әкімдіктің айрықша назарындағы мәселе. Оның ішіндегі қаладағы сыртқы және ішкі жарнамалар, өзге де ақпараттық материалдардағы қазақ тілінің сапасы, жалпы заң талаптарының сақталуы ерекше назарымызда. Осы мақсатта тіл жанашырлары мен мемлекеттік органдар өкілдерінің басын қосып, арнайы жиын өткіздік.
Биыл қалалық мекемелердің өкілдерін тарта отырып, сыртқы жарнамаға қатысты арнайы жұмыс топтарын құрдық. Кесте бекітіп, күн сайын әр ауданда заңсыз жарнамаларды алып тастап жатырмыз.
Қазір Жарнаманы орналастыру қағидалары бойынша Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешімі жобасы дайындалып жатыр. Осы құжат аясында жарнаманы заңсыз ілген субъектілерге айыппұл салу мәселесін қарастыратын боламыз. Аталған құжат аясында заңсыз жарнама орналастырған кәсіп иесіне айыппұл салатын орган ретінде аудан әкімдіктерін, тіл нормаларына қатысты қателіктер бойынша Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасын бекіткелі отырмыз.
Айыппұл салу тәсілін қолданбай заңсыз жарнамаларды толық жою мүмкін емес.
Сонымен қатар, қаладағы адамдар көп жүретін 35 сауда орталығында нақыл сөздердің аудиолары жариялануда. Қазір 32 қазақша, 32 орысша қанатты сөзді таңдап алдық. Аталған нақыл сөздердің аудиосы әр жарты сағат сайын күніне 20 реттен ротацияланып жатыр.
Соңғы екі аптаның ішінде барлық сауда орнын есептегенде халық жалпы 15 мыңнан аса нақыл сөздерді тыңдаған. Көпшілік жалпы бұл бастаманы өте жылы қабылдады.
Сонымен бірге, сайлаудан кейін нақыл сөздер бойынша видеороликтер әзірлеп, LED-экрандар мен автобустардың мониторларында ротациялауды бастаймыз.
Тағы бір айта кетерлік мәселе, аталған нақыл сөздер қаладағы билбордтар мен пилондарға да ілінуде. Мысалы, сол жағалаудағы Нұржол бульвары, адамдар көп жүретін орындар және аялдама пилондарына орналастырылуда. Сондай-ақ, қала бойынша кемінде жиырма үйдің қасбеттеріне де осындай суреттерді ілу ойластырылуда.
«Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінің әрбір санында бір нақыл сөзді газеттің бірінші бетінде жариялауды бастадық. Мұны да дәстүрлі түрде жалғастыра береміз.
Қала деген өзіміздің үйіміз сияқты. Оны аялап, таза ұстау бәрімізге артылған жүк. Одан бөлек, оның идеологиялық тұрғыдан ерекше үлгіде болуы, халыққа пайдалы, көркем эстетикада безендірілуі қажет. Қазір осы мақсатта арнайы дизайнерлермен ақылдасып, ұсыныстарын жинастырып жатырмыз.
Жалпы, жарнама, қаланы безендіру мәселесіне қатысты қосымша ұсыныс, ой-пікірлеріңіз болса ұсынсаңыздар болады. Маңызды жобалардың бәрін қолдауға дайынмын», - деген Ерлан Ермекұлының мәлімдемесін оқыған кезде разы көңілмен қоштап, азаматтың ісіне сәттілік тіледік.
Әрбір мемлекеттік қызметкер осындай әрекеттер жасап, нақты қадамдарға барса нұр үстіне нұр болар еді. Сонда Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған әрбір істің нәтижесі де арта түсері сөзссіз.

Нұрлы Еділов

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста