Тілім - тағдырым

Үкіметтің тіл мәселесін қарауында мән бар

  • Үкіметтің тіл мәселесін қарауында мән бар

    Үкіметтің тіл мәселесін қарауында мән бар

Таяуда Үкімет отырысында еліміздегі тіл мәселесі талқыға түсті. Тілдерді қолдану мен дамытудың мем¬лекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы баяндады. Оның айтуынша, Қазақстан-да мемлекеттік тілді меңгерген тұрғын¬дардың үлесі 85 пайызға жақындап келе жатыр.

– Жыл сайын жүргізілетін зерттеу нәтижелері тұрғындардың мемлекеттік тілді меңгеруінің оң динамикасын көр¬сетті. 2016 жылы мемлекеттік тілді мең¬герген тұрғындардың үлесі 82,3 %-ды құ¬рады. 2014 жылы – 72,1%, ал 2015 жы¬лы – 76,3% болған. Үштілді меңгер¬ген xалықтың үлесі де жақсаруда. Ересек тұрғындар мен 12-17 жас аралығындағы оқушыларды қоса алғанда, үштілді мең¬гергендердің үлесі 20,5 % болды, – деді министр.

Министрлік мемлекеттік қызмет¬шілерді оқытуды ұйымдастыру мақ-сатында 2016 жылы Мемлекеттік бас¬қару академиясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойыпты. Жоба аясында орталық органдарда мем¬лекеттік тілді оқыту курсына 300 адам қатысқан. Биыл бұл дәстүр жал-ғасын тауып, қазақ және ағылшын ті¬лін¬дегі курстарға қатысатын мемлекет-тік қыз¬мет¬шілердің қатары екі есе ар¬тады. «Қазтест» жүйесі негізінде билікте¬гілердің қазақ тілін білу деңгейін анық¬тау жыл сайын жүргізіледі. 2016 жылы тестілеуден өткендердің жалпы саны – 73 732 адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер саны шамамен 40 000 адам (53,5%-ы) болған. Министрлік дерегінше, 2016 жыл қорытындысында орталық және жер¬гілікті атқарушы органдарда мемлекет¬тік тілдегі құжат айналымның үлесі 91% болған көрінеді.

– Алайда статистикалық-есептік және қаржылық құжаттамалардың мемлекеттік тілге көшуі жеткіліксіз дең¬гейде. Бұл жағдай, әсіресе, ұлттық ком¬панияларда байқалады. Мемлекеттік тілдегі іс қағаздарын жүргізу орталық атқарушы органдарда – 89%, жергілікті атқарушы органдарда – 93%. Отандық БАҚ-тағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі 71%, – деп мәлім етті Мәдениет және спорт министрі. Сонымен қатар республикада 87 аймақтық мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді. Бұған дейін олардың барлығын жекенің қолына тапсыру көзделген және бұған ұлт жанашырлары мен Парламент депу¬таттары қарсы шығып еді. Ақыры ха-лықтың талап етуімен билік бұл райы¬нан қайтыпты.

– Ел Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуіріндегі жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жос¬парын бекіту туралы қаулысы бойынша жекешелендіруге жататын республи¬калық меншіктегі ұйымдар тізбесіне

39 орталық енгізілген болатын. Нәти¬жесінде, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы облыстарының оқыту орталықтары же¬к嬬шелендірген. Мемлекеттік бағдар-лама мақсат-міндеттері мен негізгі ны¬са¬на¬лы индикаторларының орындалу ба¬рысы осы тілді оқыту орталықтары ар¬қылы жүзеге асырылатындықтан, құр¬¬метті Бақытжан Әбдірұлы, сіздің осы мәселе бойынша берген тапсырмаңыз осы бағыттағы жаппай жекешелендіру процесін тоқтатуға ұйытқы болды. Көп рақмет айтамыз, – деді А.Мұхамедиұлы.

Оның ақпаратынша, тілдерді дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 2014-2016 жылдар аралығында бар¬-лығы 88 баспа жобасы жарық көрді. Олардың арасында оқу-әдістемелік құ¬ралдар, әлем әдебиеті классиктерінің шығармалары, танымдық, ғылыми-публицистикалық, балаларға арналған кі¬таптар және басқалары бар. Оның ішін¬де өзге тілдерде шығарылған жоба¬лар саны – 24. «Сонымен қатар мемле¬кет¬тік тілді үйретудің жаңа әдістеме-лері «Қазақ сөзі» оқу құралдары әзір¬ленді», – деді министр.

Осыдан кейін ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов сөз алып, бағдарламаның көрсеткіштеріне қан¬шалықты қол жеткізілгені туралы баян етті. Министрдің айтуынша, биыл Тіл¬дерді дамыту мен қолданудың мемле¬кеттік бағдарламасын 2014-2016 жыл¬дарғы кезеңде жүзеге асырудың тиімділігіне бағалау жүргізілген.

– Жалпы, соңғы 3 жыл ішінде мем¬ле¬кеттік бағдарламаны жүзеге асыру қорытындылары орташа тиімділігін көр¬сетті. Балдық жүйе бойынша мүмкін болатын 4 балдың 2,66 балына баға¬ланды. Үш талап бойынша бағалаулар біршама жоғары болды. Мақсатты ин¬ди¬каторлар мен нәтижелер көрсеткіш¬теріне қол жеткізу дәрежесі 88%-ды құрады, – деді ол.

Т.Сүлейменов атап өткендей, соңғы 3 жылда тілдер бағдарламасын жүзеге асыруға 16,7 млрд теңге бағытталды, бі¬рақ 14,9 млрд теңгесі немесе 89,3%-ы ғана игерілді.

Ұлттық экономика министрі тілді меңгерушілерге қатысты өз деректерін келтірді.

– Экономикалық зерттеулер инсти¬туты осы мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуы барысы мен тұрғын¬дардың қанағаттану деңгейін анықтау бойынша сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, сұралған¬дар¬дың жартысынан көбі мемлекеттік тілді тұрақты қолданады. Басым бөлігі – 63,7 пайызы «соңғы кезде тіл мәдениеті жақсарды» деп санайды, яғни, адам¬дардың тіл білімдерін, біліктіліктерін, дағ¬дыларын, шығармашылық қабілет¬терін дамыту деңгейі артқан. Сұрал-ғандардың жартысының мемлекеттік тілді оқыту бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттердің сапасына көңілдері толады», – деді ол. Дегенмен қазақ-стандықтар мемлекеттік тілді оқыту орта¬лық¬тарының аздығына шағымда-ныпты.

Т.Сүлейменов тұрғындарды мемле¬кеттік тілге оқытудың қолда бар мүм-кіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, интернет пен телевидениенің әлеуетін барынша пай¬далануды, жеке секторды халықты мемлекеттік және басқа да тілдерге оқыту бойынша шараларға белсене тартуды, сонымен қатар бағдарламада Қазақстанда үштілділікті дамытуды кү¬шейту бойынша шараларды қарас¬ты¬руды ұсынды.

Талқылауды қорытқан Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Қа-зақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһан¬дық бәсекеге қабілеттілік» атты Жол-дауын іске асыру аясында Қазақстанда тілдерді одан әрі дамыту мәселелері жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Атап өтер жайт, Елбасы биылғы Жол¬дауында қазақ тілінің «басым тіл» болатынын нықтады.

Б.Сағынтаев тілдерді дамыту елі¬міздегі басымдықты міндеттердің бірі екенін айта келе, үштілділікті дамытуға мән берілетінін атап көрсетті. Ол Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрліктеріне, әкімдерге түсіндіру жұмыстарына барынша күш салып, халыққа қазақ тілін үйретудің тегін курстарын ұсыну жұмыстарын жандандыру тапсырылды. Үкімет бас¬шысы тілдерді үйрету үшін БАҚ әле¬уетін пайдалану қажет екенін және арнайы бағдарламалар мен үйрететін видеоөнімдерді әзірлеу жұмыстарын ретке келтіру қажеттігін қадап айтты.


А.Шәріп




Көрілген: 5502    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.05.2018, 22:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31