Тілім - тағдырым

ҮШТІЛ ОЛИМПИАДАСЫН ДА ӨТКІЗЕ АЛАМЫЗ

  • ҮШТІЛ ОЛИМПИАДАСЫН ДА ӨТКІЗЕ АЛАМЫЗ

    ҮШТІЛ ОЛИМПИАДАСЫН ДА ӨТКІЗЕ АЛАМЫЗ

Осыдан біраз уақыт бұрын үштілді жетік меңгерген жастар арасындағы «Тілдарын» республикалық олимпиадасы мәресіне жеткен болатын.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұйымдастырған шара өз деңгейінде өтті. Астана, Алматы қалалары мен аймақтық іріктеуден сүрінбей өткен сайыскерлер бүгін «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында білімдерін таразылады. 18-20 жас аралығындағы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін игерген жастардың білімін арнайы құрылған қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасы құрамында академик, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Жандос Смағұлов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Шетел тілдерінің теориясы және тәжірибесі кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Жайнаш Нұржанова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Салтанат Шоқабаева, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Орыс филологиясы және кітапхана ісі кафедрасының жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты Гүлнара Фаткиева, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік және ағылшын тілі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Айнагүл Исмағұлова бар.

Олимпиада ережесіне сай қатысушылар үш кезең бойынша тапсырма орындады. Олар алғашқы айналымда берілген тақырыптардың үш тілде мазмұнын ашса, екінші кезеңде ілеспе аударма жасады. Алғашқы екі айналымда үш тілді білу деңгейлерін көрсетсе, соңғы сайыста қазақ тілінде берілген тақырыпқа эссе жазды.

- Ауқымды ұйымдастырылып отырған бұл шараның мақсаты - қазақ тілін, орыс, ағылшын тілдерін жоғарғы деңгейде білетін жастар санының артуына ықпал етіп, қазіргі жасампаз Қазақстанның үш тұғырлы тілді дамыту бағдарламасының орындалуына жағдай жасау. Және өзге тілдерді меңгерген жастарымыз арқылы қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту. Ілеспе аударма жасайтын кәсіби мамандар санын арттыру болып отыр. Сондықтан жастарымыздың білім деңгейін бағалап, оларды ынталандыратын мұндай жарыстар жиі болып тұрса артық етпейді,- дейді қазылар алқасының төрағасы Жандос Смағұлов.


С.Ақынжанов




Көрілген: 4782    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.05.2018, 03:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31