Тоғыс

Жылан жылының жампоздары

Өткен жыл біздің спортшылары­мыз үшін жаман болған жоқ. Әлем чемпионат­тарында алтынды да, күміс пен қоланы да алдық. Тіпті қысқы спорт түрлерінен де жүлде ала бастадық. Командалық додаларда да атой салдық. Иә, осындай жетістік­терден кейін жылды қорытындылау әлдеқайда оңай болады екен.

Жер бетінінің барлық құрлықтарын жаулаған жәндіктердің бірі – жылан. Антарктида мен аспаннан басқа жердің барлығына жаппай таралған. Жемтігін түгімен жұтатындары да бар. Кез келген жерге жылдам бейімделіп кететін қасиет­тері бар. Барлық белгілі жыландар жырт­қыштар тобына жатады.

Жыландарды бекер сөз етіп отырған жоқпыз. Әлемнің қай бұрышындағы аламан болсын, биылғы жылан жылында біздің спортшылар да қарсыластарын қоғадай жапырумен болды. Чемпиондар лигасының іріктеу додасынан бастаған «Шахтер» футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңінен бір-ақ шықты. «Қайрат» шағын футбол клубы УЕФА кубогын жеңіп алды. «Астана арландары» WSB додасында топ жарды. Кәсіпқой бокста Геннадий Голов­кин барлық жекпе-жектерін нокаут­пен аяқтады. «Барыс» шайбалы хоккей клубының капитаны Талғат Жайлауов «Жұлдыздар матчына» ілікті.

Қысқы спорт түрлерінде Денис Кузин әлем чемпионы атанса, Денис Тен күміспен күптелді. Алексей Полторанин қола жүл­дегер атанды. Жазғы спорт түрлерінде де жағдайымыз жақсы. Бокстан биыл төрт әлем чемпионы шықты. Екеуі екінші орын­нан көрініп, тағы екеуі қола жүлдеге қол жеткізді. Олардан бөлек, Азамат Мұқа­нов дзюдодан, Алмас Өтешев ауыр атлетика­дан әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Күрестен де дәстүрлі екі қоламыз­ды меншіктедік.

Жалпы, спорттық додаларды ұйымдас­тыру жөнінен Қазақстан биыл әлем спорт державаларының рейтингінде 27-орын­нан көрінсе, қалалар рейтингінде Алматы 17-орынды иемденді.

Енді жылқы жылына да үлкен үміттер артамыз. Әлем чемпионаттары бар, Азия біріншіліктері мен Азия ойындары бар, саңлақтарымыз тағы да жеңістерімен қуанта береді деп сенеміз.




Көрілген: 2765    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.12.2013, 13:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30