Алматы облысында туризмді дамытуға мүмкіндік мол

Алматы облысында туризмді дамытуға мүмкіндік мол

Елімізде туризм саласын дамыту үшін 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес Қазақстанда алты мәдени-туристік кластер құрылған еді. Осы кластердің бірі «Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы». Бұны Алматы қаласы мен Алматы облысын қамтитын кластер деуге болады.
Осы ретте Алматы облысында туризмді дамыту шеберлік сабақтарын және оны іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыстар қарқынды жүріп келеді.
Шетелдік және отандық туристтерді облыстың туристік мүмкіндігі туралы ақпараттандыру мақсатында облыс аумағында қырыққа жуық жарнамалық-ақпараттық тақташалар әзірленіп, қазіргі таңда 23 данасы еліміздің ірі қалаларында, облыс аумағындағы әуежай, темір жол станциялары, жоғары деңгейлі қонақ үйлер және туристер көп шоғырланатын қоғамдық орындарда орнатылған екен. Тақтайшаларды орналастыру жұмыстары бұдан ары да жалғасып жатыр.
Осы ретте «Китф-2018» халықаралық туристік көрмесінде әлемнің 30 елінен туристік нарыққа қатысатын 340 компания, сондай-ақ, Алматы облысының стендін қоса алғанда, 19 ұлттық стенд ұсынылғанын айта кеткен жөн. Бұл қортындыға қарап Алматы облысы Қазақстанның туристік орталығының негізгі көздерінің біріне айналағанын байқауға болады. Көрме барысында туристік өнімдердің цифрлық маркетингіне және Алматы облысында агро-туризмді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ұсынылған семинарлар да өткізілген болатын.
Сонымен қатар, «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық комапаниясы» акционерлік қоғамы мен «Алматы облысының туризм басқармасы» ММ-ы бірлесіп, туризм индустриясы саласында – «Алматы облысында Қарасай және Талғар аудандарында Этно-Ауылдан құру» жобасын жүзеге асыру үшін әріптестер іздестіруде. Өйткені жақында Талдықорған қаласында «АЙСЕР» және «GREEN VILLA HOTEL» қонақ үйлері кешенінде орналастыру орындары өкілдерінінің шеберлігін арттыру және аграрлық туризмді ұйымдастыру бойынша шеберлік жиыны өткен. Сол кезде Алматы облысының аграрлық және өнеркәсіптік әлеуеті ауыл шаруашылығын жүргізумен қатар, агротуризмді дамытуға мүмкіндік береді деген тұжырым жасалған. Туризмнің бұл түрінің болашағы зор екен, алайда дамытумен әзірге ешкім түбегейлі айналыспай жатыр дейді мамандар.
«Бүгінгі таңда әлемде адамдарды ауылдар, ондағы табиғат пен ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігі қатты қызықтырады. Туристердің ынтасы мен сұранысы жоғары. Осыған байланысты ауыл кәсіпкерлері тиісті жағдай мен қызмет көрсетуді енгізуі маңызды», - дейді облыстық туризм басқармасы жанындағы Туризм және ақпараттық қызметтер орталығының кеңесшісі Вера Ежикова.
«Қазақстанның барлық өңірлерінде агротуризмді дамытуға болады. Әрбір облыста өзгеше табиғат және ауыл шаруашылығы қызметі ерекше. Соңғы уақытта туристер сиыр сауу, шөп шабу, картоп егу сынды демалыстың белсенді түрлерін таңдайды. Сонымен бірге, оларға ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару процесі және оған қатысу үрдісі қызық. Алматы облысы бұл мүмкіндіктердің барлығын ұсына алады», - дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ туризм кафедрасының доценті, халықаралық коучер Әлия Ақтымбаева.
Нақты деректерге жүгінсек былтыр бір ғана Көлсайдың өзіне 40 мыңға жуық саяхатшы келіпті. Соның он пайызы шетелдіктер екен. Оларды қазақтың ұлттық сусыны қымыз бен шұбат өндірісі, құрт пен ірімшіктің қалай жасалатыны, омарташылық кәсібі қатты қызықтырыпты. Шаруақожалықтарында бірнеше күн болып, мал бағуға да қуана кірісіп, таза ауада атпен серуендепті. Осы саланы дамыту үшін қомақты қаржы ұсынатындар аз емес көрінеді.

Айта кетейік, бұған дейін туризм басқармасы Талғар ауданы, Қасқелең қаласы, Талдықорған және Қапшағай қалаларындағы орналастыру мен тамақтандыру орындарының қызметкерлері үшін оқыту курстары мен тренингтер топтамасын ұйымдастырған болатын. Сонымен қатар Райымбек ауданында қонақ үйлер мен гид-экскурсоводтар үшін де курстар өткізілген. Осындай көптеген шаралар Алматы облысында туризмді дамытуға және аймаққа туристер ағынын ұлғайтуға ерекше ықпал етеді.

Таңат Жайлау

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста