«Каспий қақпасы» туризм саласының маңызды бөлігі

«Каспий қақпасы» туризм саласының маңызды бөлігі

Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша, Қазақстан тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер сапында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытуда үлкен мүмкіндігі бар аймақ – Маңғыстау облысы. Өйткені 2023 жылға дейінгі туристік саланы дамытудың бекітілген Тұжырымдамасына сәйкес Қазақстанда алты мәдени-туристік кластер құрылаған болатын.  Соның бірі «Каспий қақпасы» екені белгілі. Қазақстандағы туризм мәселесінде Каспий теңізінің алатын орны ерекше екені белгілі. Өйткені Каспий теңізімен Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Түркіменстан, Иран мемлекеттері шектеседі. 

Каспий туралы деректерге зер салсақ бұл теңізі жер бетіндегі ең алып тұйық көл. Оны көлеміне қарап теңіз деп те атайды. Аты осы теңізді жағасын мекендеген ежелгі «каспий» тайпаларының құрметімен аталады екен. Теңіздің көлемі 371 мың шаршы аумақты алып жатыр.  Ал, тереңдігі – 1025 метр. Онда 850 түрі табиғи тіршілік  өмір сүреді. Соның ішіндегі ең керемет жануар ол – каспий итбалығы деп айтуға болады. 

Маңғыстау даланың керемет ландшафтарының барлық түрін, қарт Каспийдің көкшіл суы мен шексіз құмды жағажайын, көшпелі сәулет өнерінің жарқын да, қайталанбастай үлгілерін, қазақтың алғашқы қауымдық дәстүрлі мәдениетін өзіне сіңіріп алған. Маңғыстауда туризмді дамытудың басым бағыттарының бірі – өлкенің экономикасын дамыту. Бүгінгі таңда осы сала қызметін тұтынушылардың әлемдік нарығында облыстың туристік ресурстарын белсенді насихаттаудың аса өзекті мәселелерін қарастыру қажет. 

Ал енді Маңғыстаудағы тартымды туристік объектілерге тоқтала кетсек... Маңғыстау облысында теңіз туризмін дамыту жобасы мақұлданды. Мамандар өлкеде туризмді дамытудың басым бағыттарының бірі круиз (кемеге отырып саяхат жасау) және желкенді қайық спортын ұйымдастыру керек деп есептейді. Асау Каспийдің жағасындағы демалыс ұмытылмайтын әсер қалдырады. Жағаға соққан толқынның мейiрiмдi сыбдыры тыныштық орнатады. Теңіз суы тәулік бойында сұр түстен жасыл түске дейін өзгеріп отырады. Қарақия ойпаты – әлемнiң ең терең ойпаттарының бірі. Оның шұңқыры үлкен болып келеді. Ең терең жері – әлемдік мұхит деңгейінен 132 метр төмен. Бұл жерде ойпаттың түбін Батыр деп аталатын көлемдi сор жапқан. Ойпат өткен замандағы мұхит өмірінің қалдықтары бар ашылып қалған қабаттармен молайып отырады. Сонымен қатар Шопан ата, Масат ата, Қараман ата, Шақпақ-ата, Бекет-ата, Темір баба киелі орындары, Форт-Шевченко мұражай қалалары, Үстірттегі Бозжыра шыңы, Марс тәріздес Көкесем жері, Көкала үңгір тауы, Шоманай таулары, Түпқараған жазығы, Сұлтан-үпі сайы, Қаракөл көлі сияқты әлі сыры ашылмаған керемет жерлер жетерлік. 

Еліміздің 2023 жылға дейінгі туристік саланы дамыту үшін бекітілген тұжырымдамасына сүйене отырып киелі Маңғыстау даласында әлі күнге дейін сақталып келе жатқан тарихи мекендерді әлі де жетілдіріп, инфрақұрылымын дамыта түссе болашақта туристер қазіргіден де көп ағыла түсері даусыз.

Таңат Жайлау

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста