Шардара ауданы жағажай туризмін дамытуға қолайлы аймақ

Шардара ауданы жағажай туризмін дамытуға қолайлы аймақ

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы жағажай туризмін дамытуға қолайлы аймақ. Шардара су қоймасы жағалауындағы туризм саласын дамыту бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта 255 гектар аумақта 60 нысан құрылысы жүргізіледі. Атап айтқанда, қонақ үйлер, яхт клуб, ресторандар, аңшылар және балықшылар үйі, аквапарк сынды ғимараттар бой көтереді. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауов мәлім етті, - деп хабарлайды Алаш айнасы.

Аудан басшысының айтуынша, туристік аумаққа тартылатын инвестиция көлемі 6,7 млрд. теңгені құрайды. Аталған жобаға инвесторлар қызығушылық танытуда. Бұл жұмыстар іске асқан жағдайда 1000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылып, бірнеше нысан бой көтеретін болады. Нәтижесінде өңірге келуші туристердің саны 45 мыңнан асады деп жоспарлануда.

Бұдан бөлек, Шардара ауданында 19 кәсіпорын жұмыс жасайды. Өткен жылы осы өндіріс орындарында 7844,5 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2016 жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға артқан. «Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы» аясында осы уақытқа дейін ауданда жалпы құны 1482 млн. теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылды.

«Ағымдағы жылы өнеркәсіп өнімін 8960 млн.теңгеге жеткізу жоспарланған. «Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы» шеңберінде ауданға инвестиция тарта отырып, ағымдағы 3 бірдей жобаны іске асыру көзделіп отыр. Олардың қатарында жалпы жобалық құны 200 млн. теңгені құрайтын өндірістік қуаттылығы 600 тонналық «Байтерек ББМ» ЖШС-ң «Балық өңдеу зауытының құрылысы» бар. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 70 пайызы аяқталған. Сондай-ақ, өндірістік қуаттылығы 20 мың тоннаны құрайтын «Ай-Кажы» Ак-алтын» ЖШС-ң «Мақта өңдеу зауытының құрылысы» жобасы бар. Үшіншісі, «Шардара ГЭС» АҚ-ның қайта жаңғырту жобасы. Аталған жобаларды іске қосу арқылы 400 адамға жаңа жұмыс орны ашылады», - деді Болатбек Дүйсенбекұлы.

Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасы аясында ауданда өткен жылы 14 жобаға қолдау көрсетіліп, өңірлік үйлестіру кеңесімен мақұлданған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста