Тұғыр

Астана – ең-ең...

Астанадағы ең ұзын даңғыл – Қабанбай батыр даңғылы. Оның ұзындығы 16090 метр. Бұл даңғылда Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың кардиохирургиялық клиникасы, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, Қазақстан-Ресей университеті, «Астана циркі», «Салтанат сарайы», «Астана-арена» орталық стадионы, «Сарыарқа» велотрегі, «Алау» коньки тебу стадионы орналасқан.
Ал ең қысқа даңғыл – Тәуелсіздік даң­ғылы. Тәуелсіздік даңғылының ұзын­дығы – 1095,8 метр. Даңғыл атауы Қазақстанның Тәуелсіздігі құрметіне қойылған. Тәуелсіз­дік алаңы, Тәуелсіздік сарайы және Тә­уел­сіздік монументі де осы даңғылдың бо­йында жатыр. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі, «Толқын» спорт кешені, «Отан Ана» монументі, жаңадан салынған Әзірет Сұлтан мешіті, Бейбітшілік және келісім сарайы, Өнер университеті де осы даңғылда орналасқан.
Елорданың көшелеріне келер болсақ, Астанадағы ең ұзын көше – Өндіріс кө­ше­сі. Бұл көшенің ұзындығы 11 892,4 метр. Көше қаланың сырт жағында болған­дық­тан, бұл көшені көп адам біле бермейді.
Ал ең қысқа көше – Георгий Жуков көшесі. Орыстың белгілі қолбасшысы, Кеңес Одағының маршалы, төрт мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған Г.Жуков мырзаға ұзындығы 31 метр ғана болатын көше тиіпті.

Қазақ «жеті» санын қасиеттіге балап жатады ғой. Қызық болғанда, Астанада 777 метр болатын да көше бар екен. Ол көшенің атауы – Тарбағатай.
Бір өкініштісі, Алаш арыстары Әлихан Бөкейхан мен Әлімхан Ермековтердің көше­­лері орыстың ақыны Александр Пушкин мен 1933-37 жылдары Қазақ өлкелік партия комитеті ОК-нің бі­рінші секретары Левон Мирзоян көше­лерінің тасасында қалып қойған. Әли­хан Бөкей­хан көшесінің ұзындығы 899,5 метр болса, Әлімхан Ермековке ұзындығы 846,3 метр болатын көше ғана бұйырыпты. Ал А.Пушкин көшесінің ұзындығы 4 917,2 метр, Л.Ми­рзояндікі – 1 157,7 метр. Және бұл екі көше де қаланың көрнекті жерлерінде ор­наласқан. Ал Алаштың ар­дақтылары қаланың қуыстарында қал­ған....




Көрілген: 3054    Пікірлер: 0

жұма, 06.07.2012, 12:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан 2013
    Арыстар аманаты ақталады
    6 Шілде 2012
    Астана – ең-ең...
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    16 Желтоқсан 2010
    Рухты оятар ән қайда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31