Тұғыр

Астана – қазақтың аса қымбат имиджі

  • Астана – қазақтың аса қымбат имиджі

    Астана – қазақтың аса қымбат имиджі

«Маңдайымнан сипап ессе самал жел, қазағымның алақаны деп білем» дегендей, Астана десе Қазақстан, сол арқылы құшағы ашық, пейілі кең қазақ деген ел елестеуге тиіс. Қазақстан егемендігін алған күннен бастап осыны жақсы түсініп, ең бірінші кезекте әлем елдеріне өз Тәуелсіздігін мойындату үшін, содан соң дербес ел, ұлт ретінде өзін танытуға барын салып келеді. Саяси-экономикалық байланыс өз алдына, сонымен қатар идеологиялық та қуатты демеу қажет. Әрине, осы тұста кинодан асқан қуатты, кинодан асқан тегеурінді күш жоқ.
«Тақиялы періште» мен «Код да Винчи» арасы...
Ауылда туып, ақ шаңында жалаң­аяқ жел­дей ескен қазақтың қара домалақ­тарының ішінде кезінде Алатаудың ақ бас шыңдарын көзімен бір рет көріп, апортын өз қолымен үзіп жеуді армандамағандары аз шығар. Себебі Шәкен Айманов, Абдолла Қарсақбаев т.б. фильмдерінің әрқайсы­сында Алматы көз­дің жауын алып, жұты­нып, өзіне шақы­рып тұратын. «Тақиялы періштеде» Тана әжей «Саяхаттан» автобустан түс­кен­нен бастап, келін іздеп қай­да бар­майды деңізші. Театрлар да бар, сол тұста ЖенПИ, яғни кілең қыздар оқи­тын оқу орны бар ма, тіпті «келініне» жанкүйер болып «Медеу» мұзайдынынан бір-ақ шық­қан әжеміз ауырып қалмаушы ма еді?!. Мұндағы айт­пағы­мыз, сол тұста астананы дәріптеуге фильмдердің қалай қызмет еткендігі жайлы.
Жалпы, әлемдік тәжірибеге көз жүгірт­сек, өз астаналарын, жалпы, көрікті қала­ла­­рын ашық түрде де, сыналап та жарнамалау жағынан ең бірінші кезекте АҚШ тұрғаны айтпаса да түсінікті. Кезінде Кеңестер елімен саяси-экономикалық текетірес позициясын ұстанған ел мұнай бұрғылау, соның айналасындағы түрлі жағдайлар жайлы «Даллас» атты тұтас сериал да түсірді. Одан бөлек, Нью-Йоркті қалай насихаттайды деңізші!.. Мысалы, жер-әлемді топан су басатын, болмаса жат ғаламшар келіп соғатын аласапыран апаттар жайлы фильмдердің арасында «Бос­тандық ескерткіші» кездеспейтіні кемде-кем. Мы­салы: «Послезавтра», «Паника в Нью-Йорке», «Пла­нета обезьян», «Мир без нас», «Побег из Нью-Йорка». Америка­ның басты символын объективке алу арқылы көрермен ынтық­тығын арттыру кәнігі ре­жис­серлердің таптырмас тәсі­ліне айналған. Тіпті жер әлемді жұтып жіберген апатта да қирамай аман қалатын сол ескерткішті көруге жұрт Нью-Йоркке ағылады содан соң. Ел жарыса көрген «Побег» фильмінде кейіпкер Лас Вегасқа жетуді армандап, ақыры сол арманындамаушыма еді? Міне, сізге сайтан отындай күндіз-түні шамдары жарқыраған казинолар қала­сына жарнама!

Қыз-келіншек атаулының аңсары ауып тұратын қаланың бірі – Париж. Ұшар басы көк тіреген Эйфель мұнарасы, ал одан бұрын бикештерді еліктіретіні – оның хош иісті сулары. Алысқа ұзамай-ақ, күні кешегі «Код да Винчидің» өзі неге тұрады?!. Күллі әлемдік кассалы фильмнің біріне айналған осы туындыны көрген жұрт бір сәт Парижге ұшып барып, қиялмен оның ғимараттарын аралап қайтты емес пе?
Астана да жұмыр жердің жұдырықтай жүрегін жаулайды...
Қазір біздің бар мақтанышымыз, бар айбынымыз – елордамыз Астана. Иә, Астана – аз ғана уақытта асқан жылдамдықпен бой түзеген әрі әлемдік сәулет өнерінің озық үлгілерін бойына жинаған қазақтың бас қаласы. Ғажайып ғимараттар мен еңселі ескерткіштер күн санап, тіпті сағат санап қосылып, Алаштың арман қаласы­ның ажарын аша түсуде. Келген қонақтар тамсанып, қайтадан ат ізін салуға асығып тұратыны жасырын емес. Әрине, оған бір жағы кейінгі жылдары «Хабар» арнасы түсірген «Арман жаға­лауы», Данияр Саламаттың «Бәйтерек» фильмі, «Астана – алғашқы махаббат» сериалы, сондай-ақ Еркін Рақышевтың «Астанаға көктем кеш келедісі», Аманжол Айтуаровтың «Елім-ай» атты бірнеше сериялы т.б. фильмдер әсер етпей қалған жоқ. Айта кету керек, бүгінде Елба­сымыздың ұйытқы болуымен біз өзіміздің ұлттық символикаларымызды тапқан­даймыз, мәселен, «Бәй­терек» – тек Аста­наның ғана атрибуты емес, біле-білгенге ол күллі қазақтың қиылысар ортақ нүктесі. Түп-тамырын қазақ ертегі-аңыз­дарынан алатын осынау алып талдың басына сондай-ақ самұрық құс та жұмыртқа салмаушы ма еді? Біз сол самұрықты да қазір символикамызға айналдыра алып отырмыз. Ресей кино индустриясын гол­ливудтық даңғыл жолға түсуге керемет ықпал жасаған Анжелина Джолиден бастап көптеген Голливуд жұлдыз­дарын өз фильмдеріне қатыстыра отырып, қазақ атын, қазақ баласының күш-қуатын таныт­қан Тимур Бекмамбетовті Елбасы­мыздың елге мойын бұруға шақырып, жыл сайын Астанада экшн-фильмдері фести­валінің өткізіле бастауы жайдан-жай болып жатқан дүниелер емес. Өзінің болашақ Астана жә­не қазақ киноиндустриясы жө­ніндегі мақ­сатын режиссердің өзі биылғы фести­вальдің ашылу салтанатында былай жеткізді:
«Біз ендігіде Астананы Азия кине­мато­гра­фиясының кіндігіне айналдыруға бар күш-жігерімізді салуға тиіспіз. Сол үшін де биыл фестивалімізге Азияның азулы алып киномектебіне айналған Пекин киноакадемиясы, Корей киноөнері академия­сы және Киот көркемөнер институтының жас киногерлерін шақырып отырмыз. Мі­не, осылар бірігіп бізге Астана қаласы­ның заманауи мифологиясын табуға ықпал жасауға тиіс. Қазіргі таңда Қазақ еліне осы бір әсем қаланың образы болуға лайық жас кейіпкер ауадай қажет».




Көрілген: 3317    Пікірлер: 0

жұма, 06.07.2012, 12:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан 2013
    Арыстар аманаты ақталады
    6 Шілде 2012
    Астана – ең-ең...
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    16 Желтоқсан 2010
    Рухты оятар ән қайда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31