Тұғыр

Ел спортына Тәуелсіздік рухын енгізе алдық па?

  • Ел спортына Тәуелсіздік рухын енгізе алдық па?

    Ел спортына Тәуелсіздік рухын енгізе алдық па?

Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, халықаралық додаларға дербес мемлекет ретінде қатыса бастағанымызға да 19 жылдың жүзі болыпты. Содан бері Тәуелсіздік рухын ел спортына енгізе алдық па?

Әрине, Тәуелсіздігімізге қол жеткізген алғашқы жылдармен салыстырғанда, қазір­гі жағдайымыз көш ілгері. Қазір төрт жылда бір өтетін Олимпиада ойындары мен басқа да дүбірлі додаларда жеңіске жеткен спор­т­­шыларымыз қолдарына көк байрағымызды ұстап, желбіретіп жүр. Тіпті жеңіс тұғырына көгілдір аспан түстес туымызды көтеріп шығатындары да бар. Осындай халықара­лық маңызды додаларда Әнұранымыз шырқалса, оң қолдарын кеудесіне қойып, мемлекеттік рәмізімізді қадір тұтатын, со­дан соң Әнұранымызды қосыла шырқай­тын спортшыларымыздың саны да жыл сайын көбейіп келеді. Содан соң дербес ел ретінде халықаралық додалардың бәріне қатысып жүрміз. Көк байрағымыз төрткүл дүниенің түкпір-түкпіріндегі жарыстарда, додаларда желбіреді. Спорт арқылы елімізді ғалам­шар­ға насихаттап жүрміз. Мұзбалақ аль­пинис­теріміз адам баласының табаны ти­ме­ген биік шыңдардың ұшар басына көк байрағымызды қадап, абыройымызды асқақтатты. Ұл-қыздарымыз Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында ал­ты­нмен апталып, күміспен күптеліп, қо­ла­мен қапталып, мерейімізді тасытып жүр. Басқа басқа, бірақ спортта еліміздің еңсесі биік.
Жалпы, спортшыларымыз өркениетті елдердің ізін басқан жас мемлекетіміздің, Тәуелсіз елдің намысын қорғайтындарын жақсы түсінеді. Бойларында мақтаныш сезімдері де жоқ емес. Бірлігі мен тірлігі сүттей ұйыған елдің ұл-қыздары екендігін мақтан тұтатындары да бар. Сана-сезімі ояу, ой-өрісі кең, білімі терең спортшылар­дың бәрі Тәуелсіздік рухының мән-мағы­насын түсініп, оны бағалайды әрі дәріп­тей­ді. Өзіне сенім артқан халық пен жан-­жақты жағдай жасап отырған мемлекеттің намысын қор­ғау­да бар күш-жігерін жұмсайды. Алайда спортта ел намысын қорғайтын саңлақтарға Тәуелсіздік рухын түсіндіріп, дәріс беріп жат­қан ешкім жоқ. Саналарына жететін, намыстарын қоздыра­тын жігерлі сөздерді тек бапкерлері қайрағанда айтатын шығар. Негізі, бұл тұрғыда Елбасымен, облыс әкім­дерімен, спорт басшыларымен болатын ресми жүздесулердің берері мол екендігін айтуға тиіспіз. Сондықтан Елбасы Олимпиа­да ойындарына аттанар спортшыларымыз­ды қабылдап, оларға ақжол тілеуді әдетке айналдырған. Елбасымен болатын жүз­десудің әрбір спортшы үшін маңызы зор, тамыры тереңде екенін олардың толқула­рынан байқап жүрміз.
Бүгінде спортта ақшамен ынталандыру мәсе­лесі жоғары қарқында белең алған. Бұл үрдіс біздің елде ғана емес, барлық мемлекеттерде бар. Әр ел өз көрпесіне, өзі­нің шама-шарқына қарай көсіледі. Спорт­шыларды ақшамен ынталандыру мәселесі – заман талабы. Мұндай маңызды талаптың өз дәуірінде билік құрмаса да, рөлі мен алар орны айрықша екендігі белгілі. Бұл тұрғыда біздің ел де қалыс қалып жатқан жоқ. Спортшыларымыз да – сыйақы алудан  алдыңғы лекте, көпке үлгі. Бәлкім, бұл да Тәуелсіздігіміздің күш-қуатына, дәулетіміз­дің шама-шарқына баға бола алар. Ешкімге жалтақтамай, батыр ұлдары­мыз бен батыл қыздарымызға лайықты деңгейде сый-сияпат жасай аламыз.
Мен осы тақырыпқа қалам тартпас бұ­рын орыстілді спорт журналистерімен пікір алмастым. Сонда маған олардың кейбі­реу­лері «Бүгінгі таңда қазақ халқының намы­сын, Қазақстан Республикасының беделін тек қана қазақтар ғана емес, осы жерде туып-өскен басқа ұлт өкілдері де қорғап жүр. Олар да өз жеңістеріне шексіз қуанып, елімізге жеңіс сыйлауда. Ел мен жер үшін аянбай тер төгуде. Ендеше, біз спортымызға Тәуелсіздік рухын енгізе алдық деп, нық се­нім­мен айта аламыз» деді. Әрі мұны басқа ұлт өкілдері айтты. Шынымды айта­йын, риза болып қалдым.




Көрілген: 3459    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.12.2010, 13:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан 2013
    Арыстар аманаты ақталады
    6 Шілде 2012
    Астана – ең-ең...
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    16 Желтоқсан 2010
    Рухты оятар ән қайда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31