Тұғыр

Елді игілікке бастаған – Астана!

  • Елді игілікке бастаған – Астана!

    Елді игілікке бастаған – Астана!

Тәуелсіз Қазақ елі үшін жаңа орданың – Астана қаласының орны бөлек. Оның арқасында біз өз жеріміздің солтүстік өңірлерін сақтап қана қоймай, осы аймақтағы ұлттық болмысымызды күшейттік. Шыны керек, Астана жергілікті халықтың еңсесін көтеріп, бойына қан жүгіртті. Ал, ең бастысы, ол ел экономикасының локомо­тивіне айналып, бүкіл әлемді қазақ хал­қына қаратты. Осыған орай біз Тәуелсіздіктің тұғыры - Астананың негізгі оқиғаларына тоқталғанды жөн көрдік.
Негізі, Астана туралы айтқан кезде 1994 жылғы 6 шілде күнін еске алмауға болмас. Иә, ол – Президенттің туған күні. Бірақ тура сол күні «Қазақстан Республика­сы­ның елордасын ауыстыру туралы» Жоғарғы Кеңестің қаулысы шықты. Сол кез­де Кеңес депутаттары Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнін ескере отырып, оның елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру жөніндегі бастамасын қолдай  салды. «Бәрібір елу жыл өтпей, ел жаңар­майды» деген екен кейбір халық қалау­лы­лары. Бірақ үш жылдан кейін-ақ сол кездегі Ақмолаға алғашқы қоныс аударушылар келді. Міне, бүгінгі арайлы Астананың шежіресі осыдан бастау алады...
1997 жылы жаңа елордаға Мемлекеттік Ту мен Елтаңба, сондай-ақ президенттік штандарт жеткізілді. Ал желтоқсанның 10-ы күні Мемлекет басшысының Жарлы­ғы­мен Ақмола Қазақстан Республикасының ресми астанасы болып жарияланды. Сол кезден бастап жергілікті тұрғындар аста­налықтар  деген мәртебеге ие болды.  Дәл сол 1997 жылы елордада тұрғын үйдің бағасы күрт көтерілді. Жылдың басында қаладағы жылжымайтын мүліктің құны 150 доллар шамасында болса, аяқ кезінде оның бағасы 250-300 долларға дейін өсті.
1998 жылдың жөні бөлек. Себебі ол жылы Қазақстанның жаңа ордасы халы­қаралық қауымдастыққа таныстырылып, ресми түрде «Астана» деген атауға ие болды. Сәуірдің 22-сі күні Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Парламент палаталарының алғашқы бірлескен отырысы өтті. Сол кезде депутаттар бұрын­ғы Ақмола жобалау институтының ғимара­тында отырған еді. Сондай-ақ осы жылда Астанада «Еуразия», «Сұңқар» сияқты 170-тен астам жаңа құрылыс нысаны ашылды. Жалпы, Қазақстандағы өндірістің көлемі 3,8 пайызға өсіп, негізгі капиталға тартылған инвестицияның мөлшері 144 пайызға артты. Былайша айтқанда, жаңа Астананың арқасында ел экономикасына қан жүгірді.

Бір жылдан кейін Астана ЮНЕСКО-ның «Бейбіт қалалар» конкурсының жеңімпазы атанды. 1999 жылы Астананың жаңа елтаңбасы бекітіліп, алғаш рет халық сана­ғы өткізілді. Ресми мәліметке сәйкес, ол кезде Астанада 319,3 мың адам тіркелді. Аста­наның Бас жоспарының жобасы бо­йын­ша өткен халықаралық конкурста жеңімпаз атанған жапондық архитектор Кисе Курокава  «Болашақ Астананың» макетін Нұрсұлтан Назарбаевқа табыстады.  Курокаваның есебі бойынша 2010 жылда Астананың халқы 490 мың адамға дейін жетуі тиіс болған. Бірақ айтылған мерзімге жетпей-ақ, қала халқының саны жарты миллионнан асты. Сол себепті Аста­наның Бас жоспары өзгертілді. Ал маусым­ның 10-ы күні «Жайнай бер, Астана!» ұранымен өткен қаланың алғашқы мерей­тойы әлі біраз уақытқа дейін көпшіліктің есінде сақталады.
2000 жылы Астананың жаңа әкімшілік орталығын кеңейту жұмыстарына негізгі басымдық берілді. Мәдениетті қолдау жылы аясында елордада Президенттік мәдениет орталығы, Ұлттық опера және балет театры сияқты нысандар ашылып, «Шабыт» конкурсы бастау алып, ақындар айтысы жиі ұйымдастырылды. Сол жылы Астанада болған Мемлекет басшыларының кеңесінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Еуразиялық экономикалық қауымдастық атты жаңа халықаралық ұйым құрылды. Жалпы, осы іспетті ауқымды іс-шаралар өте бастағаннан кейін Астанаға дипломатиялық миссиялар көше бастады. Қалада БҰҰ, Азия даму банкі сияқты ірі саяси және қаржы инсти­тут­та­рының бөлімшелері ашылды.
Келесі жылдың негізгі жетістігі ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» мемле­кет­тік бағдарламасын атап өтуге болар еді. Ол арқылы қала өндірісін ғана емес, жалпы республиканың экономикалық қауқарын арттыру жоспарланған-ды. 2001 жылы Астанаға Рим папасы Иоанн Павел II келіп, ұшақтан түскен бойда: «Мен ұлтаралық бейбітшілікке жол ашқан осы жерді үлкен толғаныспен сүйіп отырмын», – деп өз қуанышын жеткізген болатын. Осы жылы елорданың символы – «Астана-Бәйтерек» монументі ашылды.
2002 жылдың басында Астана халқы­ның саны жарты миллионға таяды. БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан Қазақстан­ның жаңа елордасын көріп, оның өсу деңгейіне таңғалды. Осы жылы Астанада алғаш рет бокстан Әлем кубогы ұйымдас­тырылды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астананың жаңа халықаралық әуежайы­ның алғашқы тасын қалады. Қаланың жаңа әкімшілік орталығында көптеген құрылыс нысаны ашылды. Қазақстан­ның «Тұлпар» атты алғашқы жүрдек пойызының тұсауы кесілді.
Ал одан кейінгі жылдары Астана одан да жоғары жетістіктерге жетіп, әлемдік қауымдастықты таңғалдырды. Бұл ретте, ең шоқтығы биік, әлемдік деңгейдегі алқалы жиын – 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің Астана саммиті, одан кейінгі Азиа­да да – айтулы оқиғалардың бірі.  Алдағы уақытта Астананы «Ақылды қалаға» айналдыру жоспарланып отыр. Ол жобаға сәйкес, елордадағы барлық жұ­мыс­тар электронды жүйе арқылы атқарыл­мақ. Заманмен бірге жасап, елді игілікке бастаған Астанаға ақжол!




Көрілген: 3821    Пікірлер: 0

жұма, 16.12.2011, 12:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан 2013
    Арыстар аманаты ақталады
    6 Шілде 2012
    Астана – ең-ең...
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    16 Желтоқсан 2010
    Рухты оятар ән қайда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31