Тұғыр

Ғаламдық қаржылық дағдарыстан біздің еліміз жеңіс­пен шықты

  • Ғаламдық қаржылық дағдарыстан біздің еліміз жеңіс­пен шықты

    Ғаламдық қаржылық дағдарыстан біздің еліміз жеңіс­пен шықты

Сағындық Сатыбалдин, ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымының докторы, профессор:

– Сіз егемендік алған ал­ғаш­қы жылдары Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен шы­ғыс­тағы қар­қынды дамушы ел­дер­дің эконо­микалық ерек­шелі­гі­мен танысып, нарықтық қа­­рым-қатынасты зерттеген ға­лым­сыз. Кешегі өтпе­лі кезеңдегі қиын­шы­лық көрген түстей арты­мызда қалып барады. Бүгіндері Орта­лық Азия­да көш бастау­шы елдер­дің біріне айналудамыз. Мұндай жетістіктің кілті неде дер едіңіз?
– Тұңғыш Президентіміз әрі оның сын­дарлы саясатында дер едім. Соның арқа­сында Ұлттық банкінде бір мысқал алтын, бір түйір шетел валютасы болмаған кедей ел мейлінше қысқа мерзім ішінде әлемнің қарқынды дамушы және бақуатты мем­ле­кеттерінің біріне айналды. Бүгінгі таңда дамыған Еуропа мемлекеттері дағ­да­рыс­тың кезең-кезеңімен соққан толқынына ұрынып, булығып жатса, Ұлттық қорында 86 млрд доллардай алтын-валюталық қазы­насы бар Қазақстан дүниежүзінде онжылдық ауқым­ды бағдарламаны жүзеге асырып, даму қарқынын бәсеңдетпей, сыр бермей келе жатқан санаулы мемлекеттің бірі. Кеше КСРО-дан ыдырап шыққан ел­дер­ге дүдәмал қарайтын капиталистік қауымдастық бүгін­дері Қазақстанмен сана­сатын жағдайға жетті. Шикізат, қара­жат, инвестициялық сенім­ділік – қай жағы­нан алып қарас­тыр­са­ңыз да, біздің еліміз ТМД кеңістігінде оқ бойы озық тұр. Тіпті инвес­тициялық тартым­ды­лық жағы­нан байырдан нарықтық қоғам­да өмір сүріп келе жатқан мемлекеттерді бүгіндері біз шаң қаптырып отырмыз. Оған Орталық Азия елдеріне тартылған инвес­тицияның 70-80 пайы­зы­ның Қазақстанның еншісіне тиесілі болуы дәлел. Иә, қарқынды даму үшін көлемді инвестиция мен техно­ло­гия­лар керек. Еге­мен­дігін алған Қазақстанда мұнай болды, алайда ол Каспий теңізінің тереңінде жат­қан еді. Оны КСРО деген алып держава да игере алмаған. Сөз орайында «Қазақстанды осындай жетіс­тік­ке жеткізген – шикізаты, мұнайы» деу­ші­лерге үнемі айтатын қарсы дауымды қай­та­лай кеткім келеді. Негізінен, біздің елі­міздегі мұнай Ресейдегі, Араб елде­рін­дегі, Норвегиядағы мұнай қорына қара­ғанда бірнеше мысқал аз және тасы­мал шығыны да көп. Осыдан-ақ бұл жерге шетелдік инвесторларды үйіріп алып келу оңай шаруа болмағанын анық байқауға болады. Бірақ шетелдік инвес­торларды тар­тып, мол қаражат пен өндірістік тың техно­логиялардың арқа­сында шикізат­та­ры­мызды бүгіндері халықтың игілігіне айнал­дыра алудамыз. Міне, осының бәрі нөлден бастап жасап шығарған Нұрсұлтан Әбішұлының ерен еңбегінің арқасы екені даусыз. Сондықтан бүгіндері тарихымызда Тұңғыш Президент күнінің белгіленуін заң­ды әрі қажетті құбылыс деп білемін. Қиын-қыстау кезеңде жұртымен бірге болып, оны дамуға жетелеген елдің заңғар тұлға­сына халқының берген бағасы осындай ұлттық мереке түрінде сипатталатын АҚШ секілді әлемде бірқатар мемлекет те бар.
– Кезінде Нұрсұлтан Әбішұлының бас­шылығымен әзірленген «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағ­дар­ламасын өмірге әке­лу­ші ғылыми топ­тың ортасында жүрдіңіз. Онда меже­лен­ген мақ­саттар өз уақытында жү­зе­­ге асырылып жатыр ма, әлде бүкіл­­әлемдік қаржылық дағ­да­рыс тежеу болған тұстар болды ма?

– Мемлекет басшысы еліміз­дің басты даму стратегиялық бағ­дарламасында көре­гендік таны­тып, бүкіләлемдік қар­жы­лық дағдарыстың болатынын алдын ала ба­жайлап, соған байланысты әу бастан қа­дам­­дар құрды. Соның арқасында қар­жы­лық іргетасы мықты бекіген Еуропа секілді кәрі құрлықтың өзін орнынан қозғап жібер­ген ғаламдық қаржылық дағдарыстан біздің еліміз жеңіс­пен шықты.
Мәселен, 1997-2007 жылдар ұзақ мер­зімді бағдарламаның бас­тапқы кезе­ңін­де Тұңғыш Пре­зи­дентіміз шикізат, әсіре­се минералды және энергетикалық ресурс­тар өндірісі мен экспортын артты­рып, содан түскен қара­жатқа ел әлеуетін қалыпқа келтіруді қарастырды. Сол үшін Ұлттық қор құрыл­ды. Бұл кезеңде әлемдік қор биржа­ла­рындағы қазақстандық экс­порттағы шикізаттардың бағасы да ұдайы өсіп, ел жағдайын біздің болжаған меже­міз­ден де жоға­ры деңгейге шығарды. Демек, халық­аралық нарықтағы шикізат баға­сының шарық­тау кезеңін осы уақыт аралығын қамтитынын Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің стратегиялық бағдарламасында алдын ала байыптай біліп, білгірлігін таныт­ты. Ал бүкіл­әлемдік қаржылық дағ­да­рыстың жалы­ны жүйе құраушы отандық банктерді шарпи бастағанда оларды Ұлттық қордан бөлінген мол қаржымызбен аман-есен алып қалдық. Міне, сонда әу баста шикі­зат­тан түскен табыстың бір бөлігін Ұлттық қор­да сақтау туралы Елба­сы­мыздың баста­ма­сына наразы болу­шы­лар­дың аузына құм құйылды, бұл дұрыс шешім болғанын мойындады.
– Бүгінгі атқарылып жатқан бағдар­ла­малар туралы не айтасыз?
– Дүниежүзі, соның ішінде батыс үшін үл­кен сынақ болған ауыр кезеңнен сүрін­бей өткен соң Елбасымыз «мұнай долла­рын­сыз» бюджет жасақтау туралы ойын айтып, ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағ­дарла­ма­сының екінші кезеңін бастай­тын кез жетті деген байламын мәлімдеді. Осыған бай­ла­ныс­ты Үкіметке 10 жылға арналған Индус­трия­лық-инновациялық даму бағдар­ла­масын әзірлеу тапсырылды. Бастапқыда Елбасы шетел инвесторларын шикізатты игеру талқысы үшін дөңгелек үстел басына жина­са, бұл жолы оларды өңдеуші сала­лар­ды дамытуға атсалысуға шақырды. Іргелі салалар бойынша әлемдік брендтегі ком­паниялармен келісімшарттар жасалды. Нәтижесінде 2010 жылы басталған жаңа ауқымды бағдарламаның алғашқы екі жылында елімізде өндірісі негізінен экс­порт­қа бағытталатын бірқатар өндіріс ошақ­тары бой көтерді: «Тальго» вагон­да­рын шыға­ра­тын болдық, жүк тасымалы вагондары бойынша да бұрын­ғы­дай Ресейге жалтақ­та­майтын дәрежеге жеттік, аты жер жаратын танымал авто­көліктердің бірнеше түрі елімізде құрас­ты­рылып шыға бастады, уранымызды өңдеп, байытып, оның басым бөлігін реак­тор­ларда тікелей жанатын ядролық отын құрастырмаларына айнал­ды­рып, экспорт­таудамыз. Сыртқа жөнелтілетін астық мөлшері азайып, оның есесіне ұн үлесі жыл озған сайын көбейе түсу­де. Азық-түлік бағасы тұрақтылығын қамта­ма­сыз ету үшін ірі қалалар жанынан қор құрылып, онда азықтың, әсіресе көк­өністің ұдайы болуы мақсатында елі­міз­дің әр аймағында жылыжайлар көптеп салын­ды. Сондай-ақ «Қорғас – Жетіген» және «Қазақстан – Түрік­менстан» теміржол табандары төселіп бітті. Жоспар бойынша 2014 жылға дейін Батыс Қытай – Батыс Еуро­па халықаралық тран­зит­тік автокөлік тасымалы жолының құрылысы аяқталуы тиіс. Демек, дағдарыс салдарының басты факторы – жұмыс­сыз­дық­қа баса назар ауда­рып, аталған мәсе­лені шешу жол­да­рын осындай ауқымды бағдар­ламаның аясына сыйғызып, оның жүзеге асырылуын қадағалап отырған Елба­сымыз нағыз Ұлт көшбасшысы екенін айқын дәлелдеді. Өзіміз түгіл, Н.Ә.На­зар­баевтың білімділігіне мықты деген әлем мемле­кеттерінің басшылары мен халықаралық сарапшы ұйымдардың жетекшілері де қайран қалуда. Сондықтан қолда барды баға­лай білетін халық ретінде Тұң­ғыш Президент күнін ұлық мереке ретінде атап өту бізге әбден жарасады.




Көрілген: 3113    Пікірлер: 0

сенбі, 01.12.2012, 13:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан 2013
    Арыстар аманаты ақталады
    6 Шілде 2012
    Астана – ең-ең...
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    16 Желтоқсан 2010
    Рухты оятар ән қайда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31