Тұғыр

Журналистика – әлемдегі ең қауіпті сегіз мамандықтың бірі

  • Журналистика – әлемдегі ең қауіпті сегіз мамандықтың бірі

    Журналистика – әлемдегі ең қауіпті сегіз мамандықтың бірі

Өткенде ЮНЕСКО-ның көлемінде өткен Коммуникацияны дамытудың халықаралық бағдарламасының үкіметаралық кеңесінің 28-сессиясында әлем бойынша сегіз мамандық қауіпті деп саналды. Соның бірі журналист мамандығы екенін мамандар өзара екшелеп те берді. Мысалы, ЮНЕСКО-ның есебінше, өз міндеттерін атқару барысында әлем бойынша бес жылда 372 тілші өлтірілген. Көбіне журналистер жергілікті қақтығыстардың және басшылардың жағымсыз әрекеттерін әшкерелеудің құрбаны болады екен. Журналистердің өлімі бойынша әлемде Ирак көш бастап тұр. Ол елде 2006-2012 жылдары 87 журналист қаза тапса, екінші орында – Филиппин (56), үшінші орында Мексика (40) тұр.
Ең өкініштісі, сол журналистерді жазым қыл­ғандарға қатысты сот үкімі санау­лы­сына ғана шығарылады. Тіпті арасында жазадан құтылып кететіндері де бар­шы­лық. Сонымен, әлем бойынша журналист қандай қауіпті мамандықтармен иық тіресіп тұр? Бұл жағын екшелеп көрсек, әлемдегі ең бірінші қауіпті мамандық – орман балташысы. «Бұл жұмыс биіктікпен байланысты, бұған қоса электронды кесу құралдарын пайдаланатындықтан, қауіпке белді секунд сайын байлауға тура келеді» дейді мамандар. Статистикаға көз жүгіртер болсақ, 2012 жылы бұл салада бір жылда 112 адам қаза тауыпты. Екінші қауіпті мамандық – шахтерлік. Жыл сайын орта есеппен алғанда әлем бойынша бұл салада 100-110 адам қаза болады. Бұдан соң өрт сөндірушілер, көп қабатты үй­лер­дің жөндеушілері, мұнай ұңғымаларында, кен орындарында жұмыс істейтін маман­дық иелері қауіпті саналады. Міне, осы мамандықтардың арасында журналистер қауымы тізімнен бесінші орынға табан тірепті. Тек 2011 жылы ғана қызмет бары­сында 106 журналист мерт болып, ба­қи­лық­қа аттанған. «Әсіресе тәуелсіз журна­лис­­тердің өмірі қауіпсіз екені кепіл­­дендірілмеген» дейді мамандар.
Сапабек ӘСІПҰЛЫ, жазушы-ғалым:
– Қазақстанның құқық орындары журналистерге қарсы бағытталған қылмыстардың бәрін олардың кәсіби қызметіне байланыстырудан қашады, керісінше, ол оқиғаларды әдеттегі қылмыс ретінде қарауға тырысады. Журналист болу қиын. Қазақстанда журналист мамандығы өмірге қауіпті кәсіпке айналып отыр, мұны мойын­да­ғанымыз жөн. Себебі біздің де елімізде журналистерге жасалған қастан­дық­тардың көрсеткіші бар. ЮНЕСКО тегін­нен-тегін журналисті әлемдегі қауіпті сегіз мамандықтың қатарына қосып отырған жоқ. Қазірде журналистиканы мамандық емес, бұл кәсіп дейтіндер де баршылық. Мен мұнымен келіспеймін. Журналистика – қауіпті мамандық. Керек кезінде керекті жерінде табылып, от пен судың ортасында жүретін тілші­лердің ісін неге бағаламаймыз? Сондықтан осы бір қауіпті әрі жауапты мамандықты меңгеріп жүрген жур­на­листер қауымына тиісінше құрмет көрсетілуі керек, – деп ойлаймын.

Нұрлан АЛДАБЕРГЕНОВ, сарапшы-маман:
– Жалпы, біршама елдер бүгінде өз журналистерінің қауіп пен қатерге басын тігіп жүретін мамандық иесі екенін мойындады. Ал біздің қоғамда журналистика мамандық емес, кез келген жазуға қабілеті бар адам мең­геріп кете беретін, сол арқылы табыс таба алатын кәсіп дейтін де пікірлер бар. Мен мұнымен келіспеймін. Қай жерде проблема болса, сол жерде журналистер жүреді. Төтенше жағдай­дың барлығы журналистердің көзімен көпшілікке жеткізіліп жатады. Қауіп-қатердің денінде журналистер жүреді. Сондықтан бұл салада жүргендерді қауіпті мамандықты игергендер деп атаудың жөні бар. Ендеше, соған сай мемлекеттік қолдауды да олар сезінуі керек.




Көрілген: 3144    Пікірлер: 0

жұма, 28.06.2013, 11:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан 2013
    Арыстар аманаты ақталады
    6 Шілде 2012
    Астана – ең-ең...
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    16 Желтоқсан 2010
    Рухты оятар ән қайда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31