Тұғыр

Қаһарман Қайратты еске алды

16 желтоқсан қарсаңында Қайрат Рысқұлбековтің ескерткіші алдында митинг өткізу Семейде дәстүрге айналған. Биыл да сол үрдіс қайталанды. Таң сәріден Достық үйінің алдына жиылған көпшілік алдымен желтоқсан құрбандарын еске алды. Сол бір артта қалған зұлмат күндерді тарихи оқиға ретінде ақсақалдар қауымы жастарға әңгіме ретінде айтып берді.

Жиылған қауым бір минут үнсіздікпен қыршын кеткен боздақтарды еске алды. Одан кейін салтанатты жиынға келген жұрт­шылық Қайрат Рысқұлбековтің ескерт­кі­шіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.
Кеңес Одағының қабырғасын қақырат­қан 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің есімі аталса, елеңдемейтін жан кемде-кем. Тірі жүрсе, биыл қырықтың төртеуіне шығып, нағыз ел ағасы атанар еді. Бірақ тағдыр жас жігіттің пешенесіне бар болғаны жиыр­ма бір жыл өмір сүруді жазыпты. Алайда жақ­сының өзі өлсе де, оның ерлігі мәңгілік ұмытылмайды. Бүгінде ол дүниеден өткен Семей қаласындағы зиратының басына арнайы белгі тұрғызылып, ел тағзым ететін ескерткіш тақта орнатылды. Комсомол кентін­дегі №33 қазақ мектебіне, қаланың орталық көшесінің біріне есімі берілген.
Қанды Желтоқсан оқиғасының қаһар­маны Қайрат Рысқұлбековке арналған Достық үйінің алдындағы ескерткішті талантты мүсінші, Қазақстан Мүсіншілер одағының мүшесі Мұратбек Жанболатов дүниеге әкелген. Қайраттың өр тұлғасы, оны көтеріп тұрған мәрмәр тасқа қашалып жазылған қаһармандыққа толы өлең өрім жүректі еріксіз тебірентіп, намысыңды қай­райды. Батырдың қайталанбас тұлғасын, бар болмысын, қамшының сабындай қысқа ғұмырдың мәнін танытатын мазмұны терең ескерткішті осыдан сегіз жыл бұрын мүсінші ағамыз барын сала өмірге әкеліп еді. Бірақ Мұратбек ағамыздың да ғұмыры ұзақ болмады. Құйрықты жұлдыздай ағып түскен өнер иесіне таяуда ғана Семей қаласындағы Суретшілер қоғамының жанынан ескерткіш тақта орнатылды.




Көрілген: 3860    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.12.2010, 11:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан 2013
    Арыстар аманаты ақталады
    6 Шілде 2012
    Астана – ең-ең...
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    16 Желтоқсан 2010
    Рухты оятар ән қайда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31