Тұғыр

Конституция қағидаттарын қаперде ұстағанда ғана демократия даңғылына түсе аламыз

  • Конституция қағидаттарын қаперде ұстағанда ғана демократия даңғылына түсе аламыз

    Конституция қағидаттарын қаперде ұстағанда ғана демократия даңғылына түсе аламыз

Кеше Конституция күні мерекесіне орай Астанада алқалы жиын өтіп, оған жоғары мемлекеттік органдар – Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет, Конституциялық кеңес, Жоғарғы сот және барлық дерлік министрлік басшылары қатысты. Бұдан бөлек, «Конституция – қоғам мен мемлекеттің даму стратегиясының негізі» тақырыбындағы халықаралық маңызы бар конференцияға Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Түркия, Армения, Ауғанстан, Литва, Молдова, Ресей, Өзбекстан, Украина, Германия мен Хорватияның делегаттары да атсалысып, демократияға жетудің сан алуан жолдарын талқыға салды.
Ата Заңның әлеуеті туралы ойларға арқау болған алқалы жиын ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың конференцияға жолдаған құттықтау хатымен ашылып, оны жұртшылыққа Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин жариялаған болатын. «Конституция – елдің табысты дамуының іргетасы. Бү­гін­де Ата Заңымыздың арқасында Қазақстан­ның экономикасы дамып келеді. Біздің Конс­титуциямыз еңбек бостандығына құ­қық беріп, неке мен отбасы, ана мен бала­ны мемлекеттің қорғауына алып, халық денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. Еліміздің Ата Заңы мемлекеттік билік бір­лігінің, оның барлық тармақтарының өзара тиімді іс-қимылының негізін қалады. Конс­титуциялық қағидалар негізінде мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының әріптестігі іске асып, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі дамып келеді. Оған Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет өткен жергілікті әкімдер сайлауы дәлел бола алады», – делінген Нұрсұлтан Әбішұлының құт­тықтауында. Бұдан бөлек, Елбасы Консти­туцияны бұлжытпай орындау – Қазақстандағы қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайтудың сенімді кепілі болатынына тоқталып: «Қазақстан 2050 жылға дейінгі стратегияны іске асыруда. Оның басты мақсаты – әлемнің оқ бойы озық 30 мемлекетінің қатарына ену. Бұл жұмыс Конституция мен заңдардың тәртібін мүлтіксіз сақтауды міндеттейді», – деп атап көрсеткен.
Жиында сөз алған шешендер Ата Заң әлеуетіне баға беріп, конституциялық қағи­даттардың қоғам өміріндегі орнына тоқталды. Айтушылар бүгінде Қазақстан экономикасының өсіп, халықтың әл-ауқатының артуы конституциялық қағидат­тардың дұрыстығынан екеніне назар аудартты. Демек, қазақстандық қана емес, шетелдік, әлемдік деңгейдегі сарабдал сарап­шылар да осыдан 18 жыл бұрын қабыл­данған Ата Заңның Қазақ елінің болашағын бағдарлап, жетістіктерге жетуге мүмкіндік бергенін мойындайды. Деген­мен қазіргі жаһандану заманында дүние де бір орында тұрмайтыны, сол үшін ел заңнамасын конституциялық шеңберде үнемі жетілдіріп отыру қажеттілігі тағы бар. Онсыз әлемдік көштен демократиялық құндылықтар жетістігіне ілесу де мүмкін еместей. Сондықтан Конституция норма­ларын барынша пайдаланып, отандық заңнаманы заман талабына сай жетілдіру аса маңызды екені даусыз. Әлбетте, бұл жерде заң шығарушы – депутаттық корпусқа үлкен жауапкершілік артылады. Конференция барысында осы жайында біраз толғаған Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәми де дәл осы төңіректі әңгімеге арқау еткен еді. Оның айтуынша, қазірдің өзінде қазақстандық парламента­ризм дамудың даңғыл жолына шықты. Бұл жолдың жөні бөлек және ол бұған дейінгі даму кезеңдеріне еш ұқсамайды. «Бүгінгі Қазақстан мелекеттілікті күшейтіп, қоғамды демократияландыруға бет алды. Аталған бағыт-бағдар мемлекеттік басқару жүйесін сапалы түрде өзгертіп, Парламент­тің рөлін барынша күшейтуді көздейді», – деп атап көрсетті спикер Қайрат Мәми. Сенат төрағасы атап көрсеткендей, Қазақ­стандағы қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық Конституцияның негізін құрай­тын қағидаттар болып саналады. Сондай-ақ ел игілігі үшін экономиканы дамыту, қазақстандық патриотизм және өзекті деген мәселелерді демократиялық жолмен шешу қағидаттары да Ата заңымыздың негізі болса керек. Ал саяси әралуандылық қағидаты ел азаматтарына мемлекеттік би­лікті жүргізу жұмысына араласуға мүмкін­дік беріп қана қоймай, құқықтық мемле­кет­ті құру бойынша өз көзқарасын заңды жолдармен білдіруге де жол ашып отыр.
Жиын барысында Қазақстанның меле­кет­­тілікті күшейтіп, қоғамды демократия­лан­дыру саласындағы бүгінгі бастамала­рын белді де беделді халықаралық ұйым­­дар қолдауға, өз тарапынан көмек беру­ге әзір екендігін танытып қалды.

Джанни БУКИККИО, Еуропа кеңесі Венеция комиссиясының төрағасы:
– Бұған дейін біз Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясымен тығыз әріптестік байланыстар орнатып, бірқатар шараларды атқарып шықтық. Осы іспетті жұмысымызды ары қарай жалғастырып, күшейтуге мүдделіміз. Негізгі мақсат – құқықтың басымдығын іске асыру. Бүгінде Қазақстан сот және қылмыстық – процессуалдық құқық сияқты салалар бойынша тиісті заңна­маны жетілдіріп жатыр. Мен білемін, осы орайда Венеция комиссиясының тәжірибесі пайдалы болмақ. Бірлескен жұмыстың аясында Еуропа кеңесінің басқа да құрылымдары Қазақстанның рефор­маларын қолдайды деп білемін.

Хашим КИЛИЧ, Азия елдерінің конституциялық соттары мен баламалы институттары қауымдастығының президенті, Түркия Конституциялық сотының төрағасы:
– XXI ғасыр құқықтар мен бостан­дықтар дәуірі ретінде сипатталса да, әлемде болып жатқан оқиғалар оның айқын дәлелі бола алмайды. Шыны керек, бүгінде зұлымдардың қолындағы адам құқықтары мен демократия кү­мән­ді болып тұр. Демократияның озық тә­жірибесі тек белгілі бір мемлекеттер­дің ұлттық шекарасымен ғана шектеліп, ғаламдық демократияға өз үлесін қоса алмай келеді. Негізі, шынайы демокра­тияға деген теріс көзқарас зорлық-зом­былықты туғызады. Осының нәтиже­сін­де бүгінде сан алуан діни шиеленістер болып жатқаны да шындық.




Көрілген: 2930    Пікірлер: 0

жұма, 30.08.2013, 14:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан 2013
    Арыстар аманаты ақталады
    6 Шілде 2012
    Астана – ең-ең...
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    16 Желтоқсан 2010
    Рухты оятар ән қайда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31