Конституция күні – қасиетті мереке

30 тамыз 2013, 13:36

Ата Заңымыздың арқасында мемлекетіміз алауыздықтан, түрлі жанжалдан аман. Конституция – елімізді мекендеген ұлттар мен ұлыстардың ұдайы бірлікте болып, берекелі өмір сүруінің кепілі. Осыдан 18 жыл бұрын 30 тамызда Қазақстан халқы жаңа Конституцияның қабылдануына бірауыздан дауыс беріп, тарихи таңдау жасаған болатын. Мұндай тәжірибе, яғни халық пен оның жекелеген мүшелері үшін өте маңызды заң құжатын олардың тікелей қатысуымен қабылдау Қазақстан тарихында алғаш рет жүзеге асырылды. Оған дейінгі Конституциялар болса, өкілді органдар арқылы қабылданған болатын. Осы Конституцияны қабылдай отырып, еліміздің халқы өзінің және келер ұрпақтың болашақтарын айқын белгілеп алған еді.
Осы жылдар аралығында Қазақ елі демократиясы дамыған, зайырлы, құқық­тық мемлекетке айналды. Ата Заңымыз қабылданған 1995 жылдан бері Консти­туция күні орны бөлек мемлекеттік мереке.
Бұл күнде еліміздің экономикасы өр­леп, табысы тасып, халықаралық беделінің де арта түсуі негізгі заңымыздың сарқыл­мас мазмұнының дәлелі. Мұндай жетіс­тіктерге Конституцияның мызғымастығы­ның бірден-бір кепілі – Қазақстан Рес­публикасының Президенті Н.Ә. Назар­баевтың салиқалы саясаты мен қажырлы еңбегінің нәтижесінде қол жеткізіп отыр­мыз.
Конституция күні – барлық қазақстан­дықтар үшін қасиетті мереке. Әрбір Қазақстан азаматы Тәуелсіз мемлекетіміз­дің шаңы­рағын көкке көтеру үшін Консти­туцияны құрметтегені жөн. Халықтың еркі көрініс тапқан бұл құжат өзінің нормалары мен принциптерінің көмегімен ғана емес, бекі­тілген идеялары арқылы да қоғам мен мем­лекетті өркениетті елдердің қатарына жетелейді. Сондықтан қазіргі кезде басты міндет – жеке тұлғалардың, қоғамдық ұй­ым­дардың және мемлекеттік органдардың Республика Конституциясына деген дәс­түрлі құрметін дамыту.
Самал ҚАЛМАҚБАЕВА, Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі