Тұғыр

Құқықтық мемлекет құруға қоғамның өзі мүдделі болуы тиіс

  • Құқықтық мемлекет құруға қоғамның өзі мүдделі болуы тиіс

    Құқықтық мемлекет құруға қоғамның өзі мүдделі болуы тиіс

Заңғар ойлы заңгерлердің аңсайтыны – заң жобасын әзірлейтін институт құру. Әзірге олардың бұл ұсыныстарын ұлықтап жатқан ешкім жоқ. Ал, негізі, олардың айтқандарының жаны бар ма дейміз. Қазақстанда заңның жобасын жасайтын Үкімет болса, яғни министрліктер, қабылдайтын – Парламент. Сөз жоқ, әр министрлік өз мүддесін қорғайды. Сондықтан да болар, заңдар қайшылығы айқын сезіліп жатады. Егер заң шығаратын орган біреу болса, ол мемлекетке де, қоғамға да, адамға да тиімді болар еді.
Заңгерлер депутаттарға қатысты «олар­­дың ешбірі заң жобасын жасай алмайды. Тек заң жобасын қабылдап отыратын ор­ганға айналып барады. Депутаттар ара­сында білікті заңгерлер тым аз» деген сын­да­рын ашық айтып жүр. Заң жобасын әзі­р­­лейтін институт өркениетті елдердің барлығында бар. «Түтінім түзу, терезем тең» болсын деп қалайтын әр ел, ең алды­мен, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құруға ұмсынса керек.
Біз қазір құқықтық мемлекет құру жо­лын­дамыз. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақ­стан тарих қойнауына енген 19 жыл ара­лы­­ғын­да құқықтық мемлекет құра алды ма? Жалпы, осы құқық дегеніміз не өзі? Бұл – мемлекеттің қуатты құралы, басқаша айт­қан­да, қоғамның жан-жақты дамуын заң­дық тұрғыда қамтамасыз ету.
Егер мамандардың пікірлерін түйінде­сек, «талпынысымыз жаман емес, бірақ істелінер шаруа әлі көп». Адвокаттар фору­мы мен «Бэст» адвокаттық кеңсесінің төра­ға­сы Таир Назханов оптимистік көзқараста екен. «Тәуелсіздік алғалы бергі құқықтық және демократиялық мемлекет құрудағы бағыт-бағдарымыз, беталысымыз дұрыс. Осы жылдар аралығында бірқатар жетіс­тіктерге қол жеткіздік. Азаматтық құқық пен қылмыстық құқық бойынша базалық институттар құрғанымыз – соның айғағы. Қазір әкімшілік құқық та жетілдірілу үстін­де. Тәжірибеге алқа билерін енгізуіміз де –ілгерілеуіміздің белгісі. Нарықтық қаты­настар қалай белсенді дамып келе жатса, құқықтық жүйеміз де одан қалысар емес», – деген ол кемшіліктердің де жоқ еместігін айтып қалды. Бұл орайда ол құқықтық ғы­лым мен тәжірибенің бір-бірінен алшақ жатқандығын алға тартты. Былайша айт­қан­да, заңдар ғылыми сараптамадан өт­пей­ді. Кейде шетелдердің заңдық нор­ма­ларын үлгі етіп жатамыз. Шынымен де, бұл – ойлантатын мәселе. Заң өзімізге бейім­деліп жасалынуы тиіс. Болмаса құқықтық жүйесін әлдеқашан жолға қойып алған қабырғасы мығым, көшбасшы елдерден ғана үйренген абзал.

Адам құқықтарын қорғауға қатысты айтсақ, біздің елде «2009-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспары» өмірге жолдама алды. Бұл жоспар БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасының қатысуымен әзірленген-ді. Бұл – көптеген елдерде баламасы жоқ құжат. Тағы да айрықша атап өтуге лайық игі істер деп «Азаматтық және саяси құқық­тар туралы «халықаралық пактіге қол қой­ғанымызды, сондай-ақ «Бала құқықтары туралы» конвенцияны қабылдағанымызды да атап өтуге әбден болады.
Бүгінгі күні Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен еліміздің құқық қорғау және сот жүйесінде түбегейлі реформа жасау үдерісі басталып та кетті. Бұл сала осындай ауқымды реформаға зәру болып тұрған еді. Реформа үміт пен сенім ұялатып отыр.
Өткенге көз жүгіртсек, кеңес дәуірінде де адам құқығы, сөз бостандығы туралы заңдар болған-ды. Алайда Кеңес өкіметін­де заңнан гөрі партиялық-әкімшілік жүйе үстемдік құрды. «Барлығында да құқықтар аясы тар болған» дейді қазір мамандар. Оның көрінісін 1986 жылғы бейбіт шеруге шыққан қазақ жастарын аяусыз басып-жан­шыған жазалау саясатынан-ақ бай­қауға болады.
«Әміршіл жүйенің талабы сол болды, жастарымыздың құқықтары аяққа таптал­ды», – дейді сол қантөгіс болған күнді еске алған запастағы генерал-майор, әскери сарапшы Әмірбек Төгісов. Әмірбек Төгісов ол кезде Орта Азия мен Қазақстан бойынша ішкі әскер жөніндегі басқармада жұмыс істеген-ді. Ол сондай-ақ былай дейді: «КСРО кезінде, өздеріңіз білесіздер, біз Орталық аппараттың «жұмса жұдырығында, ашса алақанында» болдық. Біреу білер, біреу білмес, 17 желтоқсан күні билік неге екенін айтпастан сол кездегі Алматы Жоғарғы жалпы әскери командалық және Шекара училищесінің студенттерін алаңға алып келеді. Ал алаңда – шеруге шыққан жастар. Олардың жүздеріндегі, дауыстарындағы патриоттық рухты аңғару қиын емес бола­тын. Училище жастары түк түсінбестен қо­сы­лып кеткен. Артынша алаңға дулыға киген еңгезердей-еңгезердей солдаттар лап қойып, дүлей күштің соққысы мен тепкісі училищеден келгендерді де оңдыр­мады. Сол күн аталған училище студент­терінің талайының болашағына балта салып, қудалауға ұшыратты. Мүмкін, олар енді өкінбейтін шығар, кім біледі...»
...Міне, содан бері 19 жыл өтті. Осы тұс­та айта кетерлігі – міндетінің бірі ел ішіндегі дүмпулерді басу болып табылатын жедел әрекет ету қызметі қазір де бар. Қазір ол Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйы­мы деп аталады. Оған Қазақстан да-мүше. Бұған айрықша тоқталып отырғандағы се­бе­біміз, аталған ұйымға қарсы пікір айта­тындар жоқ емес. «Ұйым ертеңгі күні ішкі қауіпсіздігімізге араласып кетеді» дейді олар. Ал кейбір мамандар, керісінше, қол­дап отыр. Олар «Қазақстан одан еш зиян шек­пейді. Негізі, келісімшартта жедел әске­ри бөлімдер қандай жағдайда әрекет ететіндігі нақты көрсетілген. Сондай-ақ олардың қай кезде, қандай жағдайда күш көрсететіні әр елдің Парламентінің келісі­мімен ғана жүзеге асады» дегенді алға тар­тады.
Құқықтық жүйе – өте үлкен ұғым. Ол жайында айта берсе, сұранып тұрған ой да, сөз де көп. Ал оған мүмкіндік шектеулі. Қысқа қайырсақ, шын мәнісінде, құқықтық мемлекет атануға кімнің де болса мүмкіндігі бар, ол үшін, ең алдымен, құқықтық сана­ны жетілдіру керек. Былайша айтқанда, құқықтық мемлекет құруға қоғамның өзі мүдделі болуы тиіс. Өкінішке қарай, кей кездері кері тартатындар кесірі еңсе көтерт­пей тастайды.




Көрілген: 5073    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.12.2010, 11:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан 2013
    Арыстар аманаты ақталады
    6 Шілде 2012
    Астана – ең-ең...
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    16 Желтоқсан 2010
    Рухты оятар ән қайда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31