Тұғыр

Тәуелсіздік тойына тарту етілген үш кітап

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Астана қаласының ішкі саясат басқармасы тағы бір сүйінішті іске мұрындық болғанын білдік. Кеше осы мекеменің тапсырысымен жарық көрген «Тағдырлы бес белес» бес томдығы мен «Астана саммиті: Жаһанды жарастырған екі күн», «ХХІ ғасыр. Астана әлемі» атты кітаптардың беташар таныстырылымы өтті. 

Әлбетте, кітапсүйер қауым бірінші ке­зек­те «бұл кітаптар несімен қызықты?» де­ген сауалды көлденең тартары хақ. Сон­дық­тан әрқайсысына жеке тоқталайық: «Тағ­дырлы бес белес» бес томдығы аты хабар беріп тұрғандай, жаңа тарихымыздың 20 жылында ел болып еңсерген істеріміздің әр қырына тоқталған.  Атап айтсақ, бірінші  том  бұрын әскери қауіпсіздігі Одақ ауқы­мын­да қамтамасыз етіліп, Тәуелсіздік ал­ған­нан кейін өз қорғанысын өзі қымтауы тиіс бол­ған жас мемлекеттің бағындырған белесін баяндап, әлемдік саясаттағы әскери қауіп­сіз­діктің мәнін ашып көрсеткен. Екінші том, негізінен, жаңа елордамыз Астанаға арна­лып, бас қаланың дамуы Тәуелсіздігі­міз­дің нығаюымен бірге өріле суреттеген. Ал үшінші том – еліміздің рухани түлеуі, төртінші том ел болашағы – жастарға ар­нал­ған болса, бесінші том ұлттың өрлеуі мен адам игілігі тақырыбын қамтыған.
«Астана саммиті: Жаһанды жарастырған екі күн»  кітабы 2010 жылы елімізде өткен саяси және халықаралық ауқымы жағынан аса ірі шара – ЕҚЫҰ саммитін үш бөлікте:  саммитке дейін, саммит барысы және саммиттен кейін деп қарастырып,  осы күн­де­рі баспасөз беттерінде жарық көрген сараптамалық мақалаларды топтастырып­ты. Кітаптан Елбасының «Еуроньюс» теле­ар­насының тілшілеріне берген сұхбатынан бастап, елге белгілі мемлекет қайраткерлері­нің, сондай-ақ отандық түрлі басылым тіл­ші­лерінің  мақалаларын, шетелдік ірі тұл­ға­лар мен сарапшылардың пікірлерін табу­ға болады. Оқырман үшін сонысымен де мазмұнды, пайдалы болатын бұл кітап сам­мит барысындағы суреттерімен де  қы­зықты болған сыңайлы.
Астана кітапханасы сериясымен шық­қан үшінші, «ХХІ ғасыр. Астана әлемі» атты кітапқа келсек, онда елорданың бүгінгісі мен ертеңі, экономикалық-әлеуметтік, сая­си, мәдени-рухани дамуының жылнамасы кеңінен беріліп, бас қаланың болашаққа көз тіккен мақсаттары да жан-жақты баян­да­лыпты.




Көрілген: 3559    Пікірлер: 0

жұма, 16.12.2011, 12:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан 2013
    Арыстар аманаты ақталады
    6 Шілде 2012
    Астана – ең-ең...
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    16 Желтоқсан 2010
    Рухты оятар ән қайда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31