Құқығыңды білесің бе?

«А» корпусына іріктеу өтуде

  • «А» корпусына іріктеу өтуде

    «А» корпусына іріктеу өтуде

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауына сәйкес, елімізде 2013 жылдан мемлекеттік саясаттың нақты бағыттарын жүзеге асыруға жауапты кәсіпқой басқарушылардың мүлдем жаңа санаты – «А» корпусы құрылды.

Мемлекеттік басқарудың бәсекелестігінің өсуі және барлық мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру меритократия, транспоренттік және қоғамның алдындағы жауапкершілік принциптеріне негізделген.

«А» корпусы – кадр резервіне іріктеудің, конкурстық іріктеудің, мемлекеттік қызметті өткеру мен тоқтатудың ерекше тәртібі, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптары көзделген басқарушылық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдар.

2013 жылдан «А» корпусының кадр резервіне 3 конкурстық іріктеу өткізілді.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Елбасымен «А» корпусының лауазымдық тізімдерін қысқарту жөнінде Жарлығына қол қойылды.

«А» корпусынан – жеке басқарушылық шешім қабылдамайтын, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары қысқартылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңымен тағайындалуы реттелетін ревизиалық комиссияның төрағалары және мүшелерінің лауазымдары қысқартылды.

Осындай оңтайландыру «А» корпусы лауазымдарының 278 адамға, яғни 2 есеге қысқартуға алып келді.

Бүгінгі таңда, «А» корпусы басқарушылық құзыреттілігі берілген 4 лауазымдық санаттары бар: жауапты хатшылар, комитеттер төрағалары, орталық пен жергілікті атқарушы органдарының аппараттарының басшылары және аудан әкімдері.

А.ж. қыркүйек айында кадр резервінің 2 санатына - министрліктердің комитеттер төрағалары мен аудан әкімдерінің лауазымдарына іріктеу жарияланды.

«А» корпусының кадр резервіне іріктеу бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды:

Бірінші – іріктеу өткізу туралы хабарландыруды жариялау, бұл Агенттік сайтында және республикалық басылымдарда жүзеге асырылды. Екінші - кандидаттардың құжаттарын қабылдау, 2017 жылдың 4 мен 15 қыркүйек аралығында өткізілді. Осыдан кейін, кандидаттар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде тестілеуден өтеді. Тестілеуге өткізілген кандидаттардың тізімі Агенттіктің ссайтында www.kyzmet.gov.kz жарияланып, тестілеуден сәтті өткендер «А» корпусының кадр резервіне қабылдануы немесе қабылданбауы туралы қорытынды шешім алу үшін, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясына жіберіледі.

Республика бойынша 600-ден астам кандидат құжат тапсырды, оның ішінде Алматы қаласы бойынша - 36.

Іріктеуде мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметшілерімен бірге, жеке сектор өкілдері де қатыса алады. Алматы қаласы бойынша «А» корпусының конкурсына 27 мемлекеттік қызметші және 9 мемлекеттік қызметші болып табылмайтын кандидаттар құжат тапсырды.

«А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілер кандидаттарына бірінші рет оқыту семинарлары өткізілетін болады. Семинардық басты мақсаты қолданыстағы заңнамаларды оқыту.


В. МУРЗАГЕЛЬДИНОВА

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

агенттігінің Алматы қаласы бойынша

департаментінің

Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы 




Көрілген: 1094    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.10.2017, 12:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30