Ақын Қайрат Әлімбектің құлпытасын күреп тастауы мүмкін

Ақын Қайрат Әлімбектің құлпытасын күреп тастауы мүмкін

Қазақтың белгілі ақыны Қайрат Әлімбектің құрметіне қойылған құлпытасты күреп тастауы мүмкін, – деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы. Бұл құлпытас осыдан сегіз жыл бұрын Алматы – Талдықорған күрежолының бойындағы Шеңгелді ауылының маңында орнатылған.

Қайрат Әлімбек 2006 жылдың 23 қыркүйегінде туған жері Қараталдан Алматыға келе жатып, Шеңгелді маңында көлік апатына ұшырап, көз жұмды. Ақынның алып жүрегі тоқтаған жерге туыстары мен достары ескерткіш ретінде биіктігі шамамен бір жарым метрдей болатын құлпытас орнатқан еді.

© Нұрғиса Елеубеков

«Қайрат Әлімбектің құрметіне қойылған құлпытасты күреп тастауы мүмкін» деген ақпаратты ести сала Шеңгелді ауылына жол тарттық. Шындығында да құлпытастың айналасы тегістеліп, бұл аймақта жол құрлысы қарқын алғаны байқалып тұр.

Құлпытас бетіне Әлімбек Қайрат Әбдіраманұлының:

«...Зуылдайды уақыт шіркін, аққандай жұлдыз

Бұйырылған бақыт құлпын аша алмай тұрмыз.

Үмітім іргеде,

Тіл қатпай жүр деме

Сырымды айтамын,

Айға да, күнге де», – деген өлеңі қашалыпты. Сондай-ақ, ақынның туған жылы және қайтыс болған уақыты бедерленген.

«Жол жиегіндегі бұл құлпытас бірер күнде күреліп тасталатын болды», – дейді Шеңгелді ауылының тұрғыны Бақытжан Атагелдиев. Өйткені, құлпытас жаңадан салынып жатқан Алматы – Талдықорған күрежолының дәл ортасында қалып қойған.

Бақытжан Атагелдиев, Шеңгелді ауылының тұрғыны:

– Қайрат Әлімбек – көп қазақтың бірі емес. Ол – ақын. Қазаққа белгілі – тұлға. Орыстар дәл осы Қайрат сынды ақындарының ішкен тамағы мен жүрген жерін аңызға қосады. Ал, біз аңызды былай қойып, 43 жасында өмірден озған Қайраттың құлпытасын 15-20 метр ары көшіруге жарамай отырмыз. Міне, 14-15 күннен бері осы ескерткіш тасты біржақты етейін деп Қайратпен дәмдес-тұздас болған талай азаматпен хабарластым. Қазақстан Жазушылар Одағына да хабар бердім. «Көзден кетсе, көңілден кетеді» деген рас екен. Ешкімнің жаны ашыған жоқ, ешкім келген жоқ. Амалдың жоқтығынан, ауыл молдасын ертіп барып, өзіміз тасты ары жылжытып қоймақ болдық. Бірақ, бізге жол жасап жатқан мекеме рұқсат бермеді. «Ақынның туыстарынан немесе Жазушылар Одағынан өкіл келуі қажет» дейді. Енді олар екі-үш күнде келмесе, бұлар мына тасты қирата салуы мүмкін. Себебі, қарқынды жүріп жатқан құрылыс құлпытасқа қарап тұрмайды ғой.

Біз мәселенің мәніне терең үңілу үшін Қайрат Әлімбекпен тіршілігінде аралас-құралас болған, жерлес ағасы, ақын-жазушы Әміре Әрінге хабарластық.

Әміре Әрін, ақын:

– Қайрат менің өмірдегі ең жақын інілерімнің бірі еді. Содан болар, осыдан бірнеше күн бұрын құлпытасқа қатысты маған таныстарым қоңырау шалып, болып жатқан жайды ескертті. Тиісті орындарға хабарласып едім: «Құлпытасты тек иесінің рұқсатымен көшіреміз» деді. Қайраттың әкімшілікте жұмыс жасайтын Жұмағұл Әлімбек деген туған інісі бар. Жұмағұлға хабарласып едім, ол ескерткіш тасты көшіруге рұқсат бергенін, жол жөндеушілер өздері көшіретінін айтты.

Шеңгелді ауылының тұрғындары құлпытасты орнынан қозғаған кезде құран оқып, қазақы ырым-жоралғылар жасалғаны жөн деген пікірде. Себебі, олар бұл жерде исі қазаққа белгілі азаматтың қаны төгілгенін, жол жөндеушілер мұны ескере бермеуі мүмкін екенін айтады.

Маралтай Райымбекұлы, ҚР Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары:

– Маған осыдан бір апта бұрын бір азамат хабарласып, «ақынның құлпытасын күреп тастайтын болды» деп арыз-арманын айтты. Мен дереу ақынның отбасына хабарласып, мән-жайды ақынның жарына баяндадым. Жеңгеміз маған: «Маралтай, білесің бе? Қайрат анасының зиратын жаңғыртуға барып, қайтып келе жатқан кезде қаза тапты. Сол себепті осы құлпытасқа баруға «аяғым тартпай тұр» деді. Жеңгеміз осылай деген соң, не істерімді білмей қалдым.

Біз Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Маралтай Райымбекұлымен сөйлескеннен кейін, ақынның жары Қуаныш Әлімбековаға хабарластық. Бірақ, телефон тұтқасын басқа азаматша алып, «Апай Сізге өзі хабарласады» деп тұтқаны тастай салды.

«Алаш айнасының» түйіні:

Қазақстан Жастар Одағы және «Дарын» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі талантты ақын Қайрат Әлімбек жас кезіндегі бір өлеңінде:

«Өмірдің өзі ағыс қой... тоқтаусыз ағыс!

Білмейміз оны... Бүгін де, кеше де күлдік.

Кетпейді бәрі адамның жоқтаусыз алыс

Сұралар бір күн, өйткені өше ме тірлік?!» – депті.

Осы өлеңде ақын не айтқысы келді екен? Жол жиегіндегі құлпытастың қасында тұрып мен осы сұраққа жауап іздедім? Сіз ше?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста