Құқығыңды білесің бе?

Алқабилердің белсендігі артып келеді

  • Алқабилердің белсендігі артып келеді

    Алқабилердің белсендігі артып келеді

Соңғы кездері еліміздің сот жүйесінде алқабилердің қатысуымен қаралатын істер саны да арта түскен. Бүгінде республика соттарына түсіп жатқан қылмыстық істер қатары артып, 8,5 пайызға өскен. Оның ішінде алқабилер қатысуымен өтетін істер санының артқаны байқалады. Жалпы қылмыстық істердердің үштен бір бөлігі ауыр және өте ауыр қылмыс¬тық істерден тұрады екен. Алқабилер 62 тұлғаға қатысты 32 іске қатысқан.

Сот төрелігінің тиімділігі сот өндірісінің процеске қатысушылар үшін де, мемлекет үшін де аз шығынмен, қысқа мерзімде өткізілуінен көрінеді. Сондықтан, облыстық соттар әлі де болса сотта ұзақ жатқан істерге мониторинг жасап, олардың жедел қаралуы үшін ықпалды шаралар қолдануы қажет екендігін айтады.

Алайда алқабилер белсенділігі артқанымен сот жүйесінде адвокаттар белсенділігі төмендеп барады. Рас азаматтық процесстік кодекстегі тараптардың мүддесін жоғары заңгерлік білімі бар тұлғалар қорғайтындығы жөніндегі шығарылған талап шешімдердің сапасына елеулі әсер етуде. Алайда, адвокаттардың азаматтық сот өндірісіне өкіл ретінде қатысуы төменгі деңгейде қалып отыр. Бұл туралы Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Еліс Әбдіқадыров "Адвокаттардың білікті заң көмегін көрсетуі процесс барысында құр сөз сөйлеуден ғана көрінеді. Менің ойымша, адвокатура азаматтық сот өндірісіндегі өзінің кәсіби міндетін белсенді орындауы керек, – дейді. Еліс Нұрқасымұлы өз баяндамасында сот актілерінің орындалу барысын да сынады. Оның мәлімдеуінше, есепті кезеңде сот актілерінің небары 19,3 пайызы ғана орындалыпты. Осы жайларды айта келіп, ол Азаматтық кодексті сындарлы түрде қайта қарайтын уақыт келгенін жеткізді.


Алаш айнасы

 




Көрілген: 1028    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.07.2017, 13:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30