Құқығыңды білесің бе?

Алматы колледждерінің оқытушылары мен студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

  • Алматы колледждерінің оқытушылары мен студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

    Алматы колледждерінің оқытушылары мен студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

Тамыз айының соңында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Алматы қаласындағы 82 колледждің директорлары білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиялық адалдық қағидаларын қалыптастыру мақсатында Ынтымақтастық туралы хартияға қол қойған болатын. Осы орайда Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжінде өткен жиынға шаһардағы 82 колледж директорлары мен мұғалімдері, Алматы қаласы Білім басқармасының басшылығы, белсенді студенттер, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты.


Мемлекет пен қоғам үшін салдары ауыр қиындықтар тудырып, қатер төндіретін жемқорлық қауіптеріне, демократиялық институттар беделінің, әдептік құндылықтар мен әділдіктің төмендеуіне алаңдаушылық білдірген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері парақорлықтың еліміздің бүкіл білім жүйесіне төндірер қауіп-қатерін түсіндіре келе, Алматы қаласы колледждерінің аталмыш Хартияны қабылдауы арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда үлкен үлес қосатынын атап өтті. ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Геннадий Данияров өз сөзінде колледж студенттерін рухани адамгершік пен азаматтық-патриоттық жолында тәрбиелеудің басты құралдарының бірі – адалдықты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу мәдениетін, саяси-құқықтық білімін, адамгершілік-этикалық құндылықтарын қалыптастыру – бүгінгі күннің басты талабы екенін айтты. Білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық қаупінің түрлі деңгейлі қатерлеріне тоқтала келе, Геннадий Қожахметұлы: «Білім алған ордасынан сыбайлас жемқорлық әдетін жұқтырып, оның жасалу тетіктерін танып-білген түлек ертеңгі күні белгілі бір мамандық иесі атанып, мемлекеттік басқару органдарының, қаржы, экономика және басқа да нарықтық құрылымдардың қызметкеріне айналғанда елдің конституциялық негіздеріне, ұлттық қауіпсіздігіне орасан қауіп төндіретін тұлғаға айналуы мүмкін», – деді.

Елбасының «Мәңгілік ел» ұлттық идеясындағы адамгершілік қағидаттарын негізге ала отырып, өркениетті елге айналу жолында өскелең ұрпақтың алар орны ерекше екендігі аян. Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, биылғы жылы мемлекет тарапынан ақысыз білім беру мақсатында колледждерге 2500 орын бөлінген. Яғни, биыл 2500 бала тегін білім ала алмақ. 9-шы немесе 11-ші сыныптан кейін Алматыға ағылған жастар базар жағалап жүріп қалмай, ең болмаса, арнайы білім алуы тиіс.

«Қазір жалпы нарық, әсіресе Алматы қаласы техникалық және кәсіптік орта білімі бар мамандарға аса зәру болып отыр. Оған Универсиаданы ұйымдастыру барысында айрықша көзіміз жеткен еді. Мәселен, 50-ге жуық қызметкері бар бір қонақүй ашылса, оның ары кетсе үшеуі ғана басшылық қызмет атқаруы мүмкін, ал қалған 45-і орта кәсіптік білімі бар қызметкерлер болмақ. Яғни, қоғам кәсіби колледждер оқытқан түлектер біліктілігіне зәру. Ал сол түлектердің ертеңгі күні мемлекетіміздің өркендеуі жолында аянбай еңбек етуіне, адал да әділ болына ықпал етуші, бағыт-бағдар көрсетуші орта – өзі білім алған оқу орны екенін естен шығармасаңыздар екен», – деді Ләззат Жылқыбаева.

Сондай-ақ ол техникалық және кәсіптік білім жүйесінде еңбек етіп жатқан ұстаздарды оқу орындарындағы жемқорлық фактілерін ашу жолында жұмыла атсалысуға шақырды. Білім саласындағы білімге қолжетімділіктің сапасы мен әділеттілігіне мейлінше теріс әсер ететін, жеке пайда табу үшін өз қызметтік бабын пайдаланатын сыбайлас жемқорлықты болдырмау тәсілдерінің бірі – жариялылық.

Мәди Ахметов, Алматы қалалық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:


«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деген мақаласында ашық қоғам қалыптастырудың маңызын атап өтті, яғни, ашық қоғам – жемқорлыққа мүлдем тосқауыл қою екені түсінікті. Студенттер жемқорлық фактілерін ашық айтудан қорқып, көп жағдайды жасырып қалуы мүмкін. Сондықтан әрбір колледжде «Ақпараттық бұрыш» ашып, оған шағын жәшік қойсақ және белгілі бір нөмір бойынша хабарласуға қолайлы телефон желісін ашсақ, кез келген студент немесе қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға үлес қосып, ашықтыққа ұмтылар еді».


Ұйымдастырушылар жиналған қауымға пара алуға қатысты ой салар, ащы сабақ болар видеороликтер көрсетілді. Айта кетсек, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Білім және ғылым министрлігінің білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы 2015 жылғы меморандумына сәйкес, биылғы жылдан бастап барлық оқу орындары, оның ішінде, 31 мамыр күні Алматыдағы 38 жоғары оқу орны қол қойған Хартияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс істеудің негізгі бағыттары мен мақсат-міндеттері айқын көрсетілген.


Алаш айнасы




Көрілген: 1254    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.10.2017, 17:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30