Құқығыңды білесің бе?

Алматыда «Керемет» Жастар ресурстық орталығы жемқорлыққа қарсы семинар-кеңес өткізді

  • Алматыда «Керемет» Жастар ресурстық орталығы жемқорлыққа қарсы семинар-кеңес өткізді

    Алматыда «Керемет» Жастар ресурстық орталығы жемқорлыққа қарсы семинар-кеңес өткізді

Алматы қаласында «Азаматтық бақылау» Қоғамдық қабылдау жобасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» Жастар ресурстық орталығы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Сот жүйесіндегі жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында сот жүйесінің қызметкерлері мен судьяларға арналған қалалық семинар-кеңес өткізді.


Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қалсы бойынша Департаментінің өкілдері, Алматы қаласының және аудандарының судьялары мен сот жүйесінің қызметкерлері, Алматы қалалық адвокаттар алқасы, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және Қазақстанның жетекші заңгер ғалымдары қатысты. 


«Азаматтық бақылау» – Елбасының тапсырмасы бойынша қолға алынған тың жобаның бірі.
«Азаматтық бақылау» жобасы мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара іс-қимылының тиімді тетігіне айналып үлгерді
Азаматтық бақылау жемқорлық пен арам пиғылды шенеуніктерге берік тұсау салады. Атқарушы мемлекеттік органдардың шешіміне ықпал етуге үлкен жол ашылып отырған кезде Қазақстан халқына осыны тиімді пайдалану қажет.
Соттағы былықтарға қатысты пікір алмасқан заңгерлер мен құзырлы мекеме өкілдері, бүгін қоғамдық бақылауды күшейту арқылы заңсыздықтарды азайтуға болады деген ортақ тоқтамға келді.
Мұның алдында қолданысқа енген арыз-шағымды электронды түрде жолдайтын «Сот кабинеті» сервисі - сот жүйесіндегі олқылықтың орнын толтырып, ондағы қолжетімділікті біршама арттырған екен. Бірақ, мұнымен кем-кетік толық бүтінделіп біткен жоқ дейді заңгерлер. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро «Азаматтық бақылау» жобасы аясында Алматыда бұған дейін денсаулық сақтау және білім саласының мамандарымен кездесу өткізілген. Осы жолы судьялардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бекінген олар, бұл бағыттағы құқық бұзушылықтың ашылмай қалуының жай-жапсарына тоқталды.

Жиын барсында олар «Сот жүйесіндегі жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» төңірегіндегі ойларын ортаға салды. Және сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау жолдарын қарастырып, судьяларға қойылатын ерекше мәртебе мен жоғары моральдық-этикалық талаптар мәселелерін талқылады.


Алматы қаласы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаментінің жемқорлық профилактикасы бойынша басқарма басшысы Елнар Тоқтарбайұлы «Бұл семинар сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында ұйымдастырылып жатыр. Мұндағы басты міндет сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жою және оның әдіс-тәсілдерін әзірлеу», - деп атап өтті. 


Заң ғылымдарының докторы Алуа Ибраева сот жүйесіндегі жемқорлық құқық бұзушылықтардың ашылмай қалуы туралы айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы сот органдардың рөліне тоқталды. Өз кезегінде пікір білдірген Ішкі істер департаментінің қызметкері органдағы әр маман ісіне жауаптылықпен қарап ғана қоймай, патриоттық таныту қажеттігін алға тартты. Оның айтуынша, адалдық пен ар-ождан жұмыс бабында алдыңғы қатарда тұруы тиіс. Бірқатар заңғер ғалымдар болса сот корпусы, сот жүйесінің қызметкерлері мен қоғам арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін қалыптастыруды қолдап отыр.

Таңат Жайлауов




Көрілген: 1350    Пікірлер: 2

дүйсенбі, 25.09.2017, 12:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30