Құқығыңды білесің бе?

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал ұрпақ» клубтарының слеті өтті

  • Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал ұрпақ» клубтарының слеті өтті

    Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал ұрпақ» клубтарының слеті өтті

Ұрпақ тәрбиесі қоғамның басты міндеті. Сондықтан осы мәселеге жауапты Алматы қаласындағы мекемелер де әр түрлі бағдарламалар жасап, ұйымдар құрып тәрбиеге қатысты көптеген жұмыстар атқаруда. Соның бірі ретінде жақын арада Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінің жанында құрылған «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубтарының слеті өтті, - деп хабарлайды Алаш айнасы.


Бұл шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Алматы қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен «Азаматтық бақылау» Қоғамдық қабылдау жобасының қолдауымен Алматы қаласының оқушылар сарайында «Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру» бағдарламасына сәйкес өтіп отыр.



«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырумен қатар, жаңа серпін беретін, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясындағы азаматтық-патриоттық қағидаттарды жетілдіретін үлкен ұйым болып, өзінің жұмыстарын ары қарай жалғастындығына сенімін білдіремін», - деді жиын барсында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Геннадий Данияров.




Алматы қаласы Білім басқармасының бөлім басшысы Нұргүл Тау мен Алматы қаласы оқушылар сарайы директорының орынбасары Лариса Седина шараға қатысты пікірлерін білдіріп слетке қатысушыларға сәттілік тіледі.


«Адал Ұрпақ» мектепішілік клубтары тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы негізгі көмекші орган десек артық айтқандық болмас. Клуб жұмысына оқушылар мен бірге ата-аналар, қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтар да  қатысып, атсалыса алады. Ал бұл бағдарлама рухани, адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқитын балаларға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыруды қамтиды. Негізгі мақсаты мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматтарды және патриоттарды қалыптастыру. Бүгінгі таңда осы аталған мақсатты іске асыру үшін рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру, оқушылардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, оқушылардың саяси-құқықтық білімін қалыптастыру, оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру сияқты бірнеше міндет орындалып келеді. 



Жиын соңында Департамент басшысының орынбасары Геннадий Данияров пен Алматы қаласы Білім басқармасының бөлім басшысы Нұргүл Тау «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубтарының 25 белсендісін Департамент тарапынан мақтау грамоталарымен марапаттап бағалы сыйлықтар берді. Сонымен қатар, «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубтары мүшелері тарапынан мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың модельдік тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстардың қорытындысы ретінде түрлі көрмелер мен 8 ауданның клуб мүшелері тарапынан дайындалған концерт ұйымдастырылды. 


Таңат Жайлауов




Көрілген: 2175    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.10.2017, 12:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30