Құқығыңды білесің бе?

Әуезов ауданы жемқорлықпен күреске бар әлеуетін салуда

  • Әуезов ауданы жемқорлықпен күреске бар әлеуетін салуда

    Әуезов ауданы жемқорлықпен күреске бар әлеуетін салуда

Алматы қаласы жемқорлықпен күреске айрықша назар аударып отыр. Соның дәлелі аудан бойынша жемқорлықпен күрес мақсатында атқарылып жатқан шаралар. Мәселен биылғы жылы сәуір айының 19-да аудан әкімінің орынбасары төрағалығымен Алматы қаласы ІІД-нің және аудан прокурорының қатысуымен, аудандық ІІБ-ның жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы кеңейтілген кеңес өткізілді. Аудандық ІІБ жергілікті полицияның жеке құрамының арасында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауына, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеуге ерекше назар аударылды.

Әуезов ауданы әкімінің аппаратымен, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы Қазақстан Республикасы Департаменті агенттігінің хатын орындау үшін, аудандық мекемелерде, көппәтерлі тұрғын үйлерде және адам көп жиналатын объектілерде (көлік, сауда орталықтары, базарлар және т.б.), жемқорлықтың алдын алу мақсатында плакаттар орналастырылған және парақшалар таратылған. «Назар аудар, есіңде сақта!» атты тақырыпқа арналған 210 мың парақша таратылған, 5000 плакат ілінген.

Аудан тұрғындары тарапынан сенімді нығайту, аппарат қызметінің ашықтығын көтеру, қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану фактілері және лауазымды тұлғамен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» нормаларын бұзу, азаматтардың құқығын бұзу, жемқорлық құқықбұзушылықтарды жасау жөнінде халықтың уақытылы хабарлау мақсатында, және де шұғыл түрде шара қолдану үшін, аудан әкімінің интернет-ресурсында көрсетілген «сенім телефоны - 3034274» қызметі ұйымдастырылған.

Қосымша, аудан әкімі аппараты ғимаратының кіре берісіне жемқорлық фактілеріне, лауазымын асыра пайдалану көріністеріне қатысты өтініштерді қабылдау үшін жәшік қойылған. Жәшіктегі хаттарды алу әкім аппараты қызметкерлеріне қатысты өтініштің түсуіне қарай алынады. 2017 жылдың есептік мерзімінде аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы заңының бұзылуы туралы іс-әрекетіне байланысты өтініштер келіп түспеді. Демек бұл бағытта тақырылып жатқан шаралар өзінің жемісін берді деуге болады.

Аудан әкімі және әкім орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысымен азаматтарды қабылдау үшін арнайы күн мен сағат белгіленген, қабылдау кестесі жалпыға қол жетімді жерге орналастырылған және аудан әкімінің интернет-ресурсында орналастырылған. Сонымен қатар, аудан қызметтері туралы, оның ішінде құқық қорғау органдарының бірінші басшыларының телефондары мен мекенжайы туралы ақпарат орналастырылған.

Ғимараттың кіре берісінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Біздің міндет – халыққа қызмет» бірыңғай байланыс орталығының 1494 (қоңырау тегін) телефоны көрсетілген. Баршаға қол жетімді орында жүргізіліп отырған мемлекеттік сатып алулар, тауарлар, қызметтер, жұмыстар туралы ақпараттар қабырғаға ілінген. Сонымен бірге, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жарияланған конкурстар туралы ақпарат қабырғаға ілінген. Яғни ауданымызда ашықтыққа, жариялылыққа көңіл бөлінген.

Аудан әкімінің Интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты баннер орнатылып, онда Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңы, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары», «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласының Іс-шаралар жоспары» және оларды орындау туралы ақпарат орнатылған.

Әуезов ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік сатып алулар «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бүйрығына сәйкес жүргізіледі. «Мемлекеттік сатып алулар www.goszakup.gov.kz Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу Веб-порталында электрондық нұсқада жүзеге асырылады. Жүйе мемлекеттік сатып алулар саласындағы электрондық қызметке берілген бірыңғай рұқсаттама желісін құрып, Интернет жүйесіне қосылған кез келген компьютерден тапсырысшы, ұйымдастырушы және өнім беруші ретінде мемлекеттік сатып алуларға қатысуға мүмкіндік береді. Жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба береді.

Қуаныш ЕРМЕКОВА




 




Көрілген: 1468    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.09.2017, 15:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30