Құқығыңды білесің бе?

Азаматтық пікіріңді білдіру үшін заңгер болу шарт емес

  • Азаматтық пікіріңді білдіру үшін заңгер болу шарт емес

    Азаматтық пікіріңді білдіру үшін заңгер болу шарт емес

Кейде қабылданатын заң жобаларына қоғамның пікір білдіруі төмен деп көпшілікке сын айтатындар бар. Қаншалықты орынды және өзіміз жиі мысал ететін шетелде бұл жағы қалай?


Өркениетті елдерде құзырлы орындар жасайтын заң жобасына азаматтардың қатысу белсенділігі жоғары екені рас. Дайындалған құжат жобасын көпшілік талқысына ұсыну оларда қалыпты үрдіс. Әр жаңашылдық жұртшылық тарапынан жан-жақты талданып, талқыланғандықтан өрескел қатеге, кемшілікке орын бола бермейді. Бұл талап қазір бізде де жақсы сақталып отыр. Иә, құқықтық сауатының кемдігін алға тартып заң жобаларына пікір білдіруге жүрексінетін азаматтар жоқ емес. Бұл қате ұғым. Себебі, әр жаңалыққа жеке пікірін білдіріп үйренген шетел азаматтарының барлығы бірдей заңгер немесе жоғары білімді маман дей алмаймыз. Тек оларда азаматтық позициясын білдіруге деген ынта жігер басым, белсенділік жоғары. Шындығында, айыппұлдардың жоғары екенін, бала креслосын алуды кез келгеннің қалтасы көтермейтінін немесе кейбір қылмыс түрлеріне өлім жазасын енгізу керектігін айту үшін заңгер болу міндетті емес. Ең бастысы, азаматтар өз дауысының қоғам үшін маңызды мәселеде шешуші орын алатынын түсінуі, соған сенуі керек. Мемлекет басшысы алтыншы шақырылымдағы ҚР Парламентінің екінші сессиясының ашылуында «Заң шығару үдерісінің аясын кеңейте түсу қажет. Жобаларды дайындау сатысында оған қоғамдық сарапшыларды, парламенттік емес партиялар мен БАҚ өкілдерін тарту қажет. ЕЫДҰ елдерінің халықты алдын ала құлақтандыру және қажетті құқықтық жаңа бастамаларды қоғамдық талқылау жөніндегі тәжірибесін белсенді пайдаланған жөн», – деген болатын. Осыған орай, қазір

заң шығару үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың барлық басшылары, сондай-ақ, партиялық фракция өкілдері

қоғамда жоспарланып отырған заңнамалық бастамалардан халықты тұрақты түрде ақпараттандырып отырады.

Алмас МАХАМБЕТОВ,

Алатау аудандық Әділет басқармасының бастығы,

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ 




Көрілген: 1249    Пікірлер: 0

жұма, 03.11.2017, 18:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30