Құқығыңды білесің бе?

Балалар тасымалымен айналысу үшін қандай талаптарды білу керек?

  • Балалар тасымалымен айналысу үшін қандай талаптарды білу керек?

    Балалар тасымалымен айналысу үшін қандай талаптарды білу керек?

Балалар тасымалымен айналысатын көліктерге қойылар талап тиісті құжаттармен белгіленген. Атап айтқанда, 12 жасқа дейінгі балаларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде балабақшалар мен шағын орталықтардың жеке автокөліктері ҚР Үкіметінің 13.11.2014 жылғы №1196 санды қаулысымен бекітілген «Жол жүрісі қағидалары» нормативтік құжатына сәйкес, арнайы ұстау құрылғысымен немесе баланы қауіпсіздік белдігінің көмегімен отырғызып қоюға мүмкіндік беретін құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

Сонымен қатар, екі есігі болуы, техникалық жай-күйі көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға жауап беруі қажет. Балалар топтарын жасы 25-тегі, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі мен кемінде бес жыл еңбек өтілі бар жүргізушілердің тасымалдауына рұқсат етіледі. Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустардың алдына және артына «Балалар тасымалы» деген таным белгісі орнатылып, аталған автобустар сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталуы керек.

Тасымалданатын балалардың саны орындық санынан аспауы тиіс. Ал, «Балаларды тасымалдауға арналған автобустар», Техникалық талаптар және сынау әдістері (ГОСТ 33552-2015) мемлекетаралық стандарты нормативтік құжатының талаптарына сәйкес, ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустар сары түсті болуы және онда 8 литрлік екі өрт сөндіргіш құралы, екі дәрі-дәрмек қобдишасы болуы тиіс. Қала сыртындағы жолдарда балаларды тасымалдайтын екі және одан да көп автобустар легімен жүретін жағдайда, олармен арнайы жол-патрульдік полициясының автомобильдері қоса жүруі тиіс. 


Алаш айнасы




Көрілген: 1303    Пікірлер: 0

жұма, 03.11.2017, 21:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30