Құқығыңды білесің бе?

Білікті судьялар корпусын қалыптастыру – кезек күттірмейтін мәселе!

  • Білікті судьялар корпусын қалыптастыру – кезек күттірмейтін мәселе!

    Білікті судьялар корпусын қалыптастыру – кезек күттірмейтін мәселе!

Соңғы жылдары еліміздің сот жүйесінде, жалпы құқық саласында көптеген өзгерістер жасалуда. Кеше ғана Жоғары Сотта өткен жартыжылдық жұмыстың қорытындысы қаралған жиында еліміздің бас судьясы Қайрат Мәми Ұлт жоспарында көзделген барлық міндеттерді Жоғарғы Сот табысты орындағанын мәлімдеді. Сондай-ақ сот жүйесіне енген жаңашылдықтар практика жүзінде табысты жүзеге асып жатқаны айтылды.

Басқосу алғаш рет онлайн арқылы тікелей эфирде өтті. Бүкіл қазақстандықтардың қатысуымен талқыланған жартыжылдықтың қорытындысында жетістіктермен қатар кемшіліктер де еш бүкпесіз ортаға салынды. Онлайн жүйе арқылы талқыланған көптеген мәселелер шешімін де тауып жатты. Жалпы, сот жүйесі қызметін халыққа жақындату, заң үстемдігін қамтамасыз етіп, әділсот төрелігін жүзеге асыру жолындағы үлкен ізденіс, жүйелі жұмыс бүгінде жеміссіз емес. Осындай жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде соттарда азаматтық істерді қараудың жалпы мерзімі екі есе қысқарған. Сот бұйрығы негізінде қаралған істер төрт есеге, баламалы тәсілдер бойынша аяқталған істер – үш есеге, медиация тәртібінде қаралған істер 1,6 есеге артып, істердің 62,5 пайызы жеңілдетілген тәртіпте қаралып жатыр екен. Салыстырмалы түрде алғанда бұл үлкен жетістік, сот жүйесінің алға басып жатқанын, осы салаға енгізілген жүйенің талапқа сай жұмыс істеп жатқанын білдіреді.

Қылмыстық істерде де алға жылжушылық байқалады. Республика бойынша келісімдік негіздегі істер саны екі есеге жуық, қысқартылған тәртіптегі істер саны 3,5 есеге, медиацияны қолдану арқылы аяқталған істер саны бір жарым есеге өскен. Ақтау үкімдерінің саны 11,7 пайызға артып, 32 қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралған. Бұл көрсеткіштер істердің барлық санаттары бойынша сот әділдігі жоғары деңгейде жүзеге асырылып жатыр деуге дәлел бола алады. Осы орайда айта кетер жайт, осыған дейін қозғалып жүргендей, жоғары білікті судьялар корпусын қалыптастыру қашанда бірінші кезектегі мәселе болса, бүгінде Ұлт жоспары аясында судья болғысы келетін кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары мен іріктеу механизмдері айтарлықтай күшейген. Биылғы жылы жаңа ереже бойынша 191 кандидат жергілікті соттардың судьясы лауазымына тағайындалыпты. Сот жюриі өз қызметін жаңа форматта жүзеге асыруда. Біліктілік комиссиясы биыл 140 судьяның кәсіби қызметін бағалған. Судьялар корпусының басым бөлігі кәсіби деңгейінің жоғары екендігін дәлелдеген. Демек еліміздегі білікті судьялар корпусын қалыптастыру ісінде алға жылжушылық бар.


Алаш айнасы

 




Көрілген: 1014    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.07.2017, 11:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30