Құқығыңды білесің бе?

Бостандық ауданы ашықтықты қолдайды

  • Бостандық ауданы ашықтықты қолдайды

    Бостандық ауданы ашықтықты қолдайды

Алматы қаласына қарасты Бостандық ауданында мүлікті жария ету, конкурс жариялау секілді мемлекеттік қызметтердің барлық түрінде ең алдымен ашықтық көзделген. Мәселен осы ауданда Алматы қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады.

Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының біріңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі. Соның ішінде мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу – 22; бағалы ұсыныныстарға сұраным – 7; ашық конкурс бойынша – 24, барлығы - 53 тәсіл тіркелген.

Осыған орай, Бостандық ауданы әкімінің аппараты, Алматы қаласы әкімшілігіне бюджеттік қаражаттың жұмсалуы және орындалуы туралы апталық есеп беріп отырады. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Бостандық ауданы бойынша мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу комиссиясына 2016 жылдың 12 айында жалпы 3020 азамат жүгінді, оның ішінде 1866 адам кеңес алып, 1154 құжат комиссия қарауына қабылданды, 987 өтініш қанағаттандырылды, 42 өтініш қанағаттандырусыз қалдырылды, 125 құжат өтініш иелеріне қайтарылды.

Сондай-ақ, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының 12-бабының 4-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті, - деп императивтік норма ретінде көрсеткен. Аталған заң нормаларында тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісіне байланысты, сотқа жосықсыз қатысушы деп тану туралы берген талап арызын, ҚР АІЖК талаптарына сәйкес талап қою арызын қайтарып алу туралы арыз беруге болмайды деп көрсетілмеген және қандайда бір ескертулерде қарастырылмаған. АІЖК-не сәйкес, талапкер өзінің мүддесіне сай қозғалған іс бойынша мәлімделген талапты қолдамау және талап қоюшы талап қою арызын қайтарып алу нормалары талапкердің құқығы ретінде қарастырылған. Алайда, тексеруші мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік сатып алу талаптарына сәйкес талап қою арызын қайтарып алу туралы арыз беруге болмайды деп көрсетеді. Аталған мәселе заң нормалары тұрғысынан қайшылықтар туғызып, түсінбеушіліктерге алып келеді. Егер, мемлекеттік сатып алудағы әлеуетті өнім беруші өзіне жүктелген міндеттерді мерзімін өткізіп алып болсада, немесе сот процесі жүру барысында орындап бітірсе, бұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудық жосықсыз қатысушысы ретінде танудың және сотқа берген талап арызды қараусыз қалдыруға болмайды деудің еш негізі болмауы мүмкін.

Сондай-ақ Бостандық ауданында бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстар Бостандық ауданы әкімінің аппараты, 2015 жылы 25 мамырда Алматы қаласының әкімімен бекітілген, Алматы қаласының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары негізінде атқарылуда. Бекітілген жоспардың тармағын орындау бойынша, ай сайын аудан әкімі кіші мәжіліс залында Бостандық ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен және пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің төрағалары, құқық қорғау органдары, білім беру, денсаулық саласы мекемелерінің қызметкерлері, аудан тұрғындары, шағын кәсіпкерлік, аудандық қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен жиын өткізіледі. Күн тәртібінде талқыланатын сұрақтардың бірі - қоғамдық орындарда азаматтардың мінез - құлық ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы, ұсақ құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидаларын қалыптастыру мақсатында халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастар туралы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Есептік кезеңде Бостандық ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ. Аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғасуда және ұдайы бақылауда.


Қуаныш Ермекова

 




Көрілген: 1272    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.09.2017, 15:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30