Құқығыңды білесің бе?

Электрондық қолтаңбаны қалай аламыз?

  • Электрондық қолтаңбаны қалай аламыз?

    Электрондық қолтаңбаны қалай аламыз?

«Сот кабинеті» тиімді деп жатады. Бірақ, оны қолдану үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек. Өйткені, электрондық сандық қолтаңбаны тек осы жерде береді. Қолтаңбаны сот ғимаратынан алуға болмай ма?

Жанұзақ БЕКТҰР

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ


Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінбей, шаруамыздың оңайлықпен бітпейтіні белгілі. Ол жерге арнайы бару уақытты алады. Ал «Сот кабинеті» сервисін қолдануды ұсынсақ, электрондық сандық қолтаңбаны рәсімдей алмағанын алға тартатындар көп. Көпшілік тілегін ескерген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Ақпарат және коммуникация министрлігі бірлесе отырып, осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап сот ғимараттарында азаматтарға электронды цифрлық қолтаңба алу мүмкіндігін қарастыратын пилоттық жобаны іске қосты. Елбасымыз «Сот төрелігіне азаматтардың қалың тобының қол жеткізуін қамтамасыз ету маңызды. Соттың іс қарау хаттамасын толық және сапалы қамтамасыз ететін тетік ретінде сот процесінің электронды тіркелімін жаппай енгізген жөн. Сотқа жүгінген адамдар өздерінің құқығын қорғауда аумақтық тұрғыдағы және ұйымдастырылған кедергілерге тап болуға тиіс емес», – деген болатын. Сот жүйесінде ақпараттық технологияларды дамыту және кеңінен қолдану, соттың ашықтығы мен жариялылығы Жоғарғы Соттың әрқашан назарында. Аталған пилоттық жоба сот қызметіндегі ақпараттық технологияларды қолдануды одан әрі дамытуға бағытталып, электрондық сандық қолтаңбаны, автоматтандырылған электрондық анықтамаларды тапсыру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсетуді басты мақсат етеді. Қызметті алу үшін

соттағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» қызметкеріне жүгіну жеткілікті. ЭСҚ алғаннан кейін өтініш беруші сот қызметкерінің көмегімен «Сот кабинеті» сервисі арқылы өз талап-арызын сотқа жіберу, талап-арыздың қозғалысы, қаралуы, сот актілерімен танысуды, шағымдануды өзінің жеке кабинетінде қадағалауға мүмкіндік алады. Аталған пилоттық жоба аясында Маңғыстау облысы бойынша Ақтау қаласының №2 соты мен Жаңаөзен қалалық сотының ғимараттарында Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері электрондық цифрлық қолтаңбаны беру

бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді бастап кетті. Қорыта айтқанда, билiк пен халықтың байланысында ортада делдалдардың болмауы еліміз үшін басты мақсатқа айналып отыр.

Назгүл САМЕНДИРОВА,

Ақтау қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі




Көрілген: 1487    Пікірлер: 0

жұма, 03.11.2017, 20:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30