Құқығыңды білесің бе?

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ОРТАҚ ІС

  • © kopilkaurokov.ru

    © kopilkaurokov.ru

Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталған Жолдауында Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап, қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге, жаңғыртуға бағытталған бес негізгі басымдылықты белгілеп берді.


Бұл құжатта маңыздылығы жөнінен айрықша көтерілген мәселе – сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты. Өйткені еліміз бойынша жемқорлықпен күрес табанды түрде жүргізілуде. Осы бағытта Алматы қаласының әкімдігі де кешенді түрде көптеген іс-шараларға мұрындық болуда.


Мәселен Алматы қаласына қарасты сегіз ауданның әрқайсысының жемқорлықпен күрес шарасы аясында атқарып жатқан шаралары арнайы веп-сайттарында көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл Стратегиясын іске асыру бойынша 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар негізінде қала көлемінде қыруар жұмыстар да атқарылып жатыр. Осы орайда Алматы қаласындағы мектептерден бастап, мемлекеттік мекемелерге дейін жемқорлыққа қарсы түрлі іс-шараларды өткізуге мұрындық болып отырғанын атап айта кеткеніміз жөн.


Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы, адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген, заң мен әділдікке деген, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.


Жасыратыны жоқ, сыбайлас жемқорлықпен күрес елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі, мұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке қарай, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.


Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күресте ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Кеңестер Одағы кеңістігінде алғаш рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады. Заң арқылы жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін анықтап, жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтардың және оған байланысты жауапкершіліктің артылуының түрлері анықталды. Бұдан кейін 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң қабылданғаны баршаға мәлім.


Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселе әрқашан Елбасының назарында. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу – жалпы ұлттық міндет», – деген болатын. Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеу­лі қадамдар жасадық. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресуге аударылып отыр. Сондықтан, Жолдауда жемқорлықтың себебі мен алғышартын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттілігі атап көрсетілген.


Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жемқорлықпен күрестегі қуатты құралға айналуға тиіс. Әрбір қазақстандық жемқорлыққа жан дүниесімен қарсы болғанда ғана біз жемқорлықсыз қоғам құра аламыз.


Қуаныш ЕРМЕКОВА


"Alashainasy.kz" сайтының тілшісі 




Көрілген: 1356    Пікірлер: 0

сенбі, 26.08.2017, 09:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30