Құқығыңды білесің бе?

Жемқорлықпен күресте ашықтық керек

  • Жемқорлықпен күресте ашықтық керек

    Жемқорлықпен күресте ашықтық керек

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына бет бұруымыз да жемқорлықтың алдын алуда біршама рөл атқарады. Сондықтан елімізде жаңа бағдарлама – «Электрондық Үкімет» енгізілді, онда мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету және, сәйкесінше, олардың қоғамдық институттардың бақылауында болуын қамтамасыз ету көзделген. Бұл жұмыстағы жүйелілік 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны қамтамасыз етуге бағдарланған, ол мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын айқындайтын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік шаралар жүйесінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

Осы жылдар ішінде елімізде жемқорларға қатысты жазалар да біршама күшейтілді. Белгілі бір лауазымдар атқару немесе белгілі бір мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру аталған құқықтан өмір бойы айыруға ауыстырылды, шартты түрде соттау шарасын қолдануға, тараптардың бітімге келуіне байланысты жауапкершіліктен босатуға, сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарын жасаған тұлғаларға кепіл белгілеуге тыйым салынды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері он жылдың ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады.


Сыбайлас жемқорлық елдің ұлттық мүдделеріне, экономикалық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіріп қана қоймай, сонымен қатар бүкіл халықаралық қоғамдастықтың мүдделеріне қауіп төндіреді. Дәл осы себептен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың маңызы БҰҰ құжаттарында және бірқатар басқа да халықаралық ұйымдардың құжаттарында ерекше атап көрсетіледі. Сондықтан еліміздегі жемқорлықты жоюдың халықаралық тұрғыдан да маңызы зор!


Пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптастыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Сондықтан өркениетті қоғам қалыптастыру жолында, жемқорлықсыз қоғам құру үшін бұл бағыттағы жұмыстар жемісті болмайынша күрес жалғаса бермек.


Байбатырова Алия, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының кеңсе меңгерушісі

 




Көрілген: 1350    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.10.2018, 13:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30