Құқығыңды білесің бе?

Жемқорлықтың жолын кесуге арналған жиын өтті

  • Жемқорлықтың жолын кесуге арналған жиын өтті

    Жемқорлықтың жолын кесуге арналған жиын өтті

Алматы қаласы әкімдігінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орынбасары Алик Шпекбаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша көшпелі ведомствоаралық жиналыс өтті.

Жиын барысында Алматы қаласының мемлекеттік органдарындағы қызмет көрсету сапасына жеке жеке тоқталып, жемқорлық мәселесі де сөз болды. Бұл жиынға мемлекеттік корпорацияның «Азаматтарға арналған үкімет», мемлекеттік органдардың басшылары және Алматы қаласының активі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асыруын бағалау және сыртқы талдауға арналған арнайы мониторингтік топтың мүшелері, сондай-ақ агенттіктің аумақтық бөлімшелері және видеоконференция байланысы арқылы орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Күнделікті қоғамымызда ең көп талап етілетін қызметтерді халыққа көрсететін көші-қон, мемлекеттік кірістер, денсаулық сақтау, коммуналдық қызметтер саласындағы бірқатар ұйымдарды, сонымен қатар әр аудандарда орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталықтарын тексеріп, мекемелердің жағдайына, қызмет көрсету сапасына шолу жасалды. Жиын барасында аталмыш мекеме орындарына барған кезде халыққа қызмет көрсету сапасының өте төмен екендігі байқалды. Сонымен қатар жоғарыдағы объектілерде азаматтар мен қызмет көрсетілуі тиіс адамдарды күтуге ешқандай да жағдай жасалмағандығы және де мемлекеттік қызмет көрсету сапасының тым төмен екендігі жайлы жауапты тұлғалардың шағымдары тыңдалды. Жауапты тұлғалар кемшілікті жөндеу үшін сол жерде тапсырмалар да алып жатты.

Іс-шарада жергілікті атқарушы органдар мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ғана емес, табиғи монополия саласындағы ұйымдардың да мәселелері белгіленіп, сонымен қатар әкімшілік кедергілерді жою, бюрократиялық тәртіптерді, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын жеңілдету бойынша нақты ұсыныстар жасалды. Атап айтқанда қаладағы №62 мектепте мектепке бала қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілетіні дәлелді видеомен көрсетілді. Және жақында осы мектептің директорына осы жағдайға орай қатаң сөгіс беріліп, оқу ісі жөніндегі орынбасарының қызметтен босатылғаны мәлім болды. Жақында оқу жылы басталатынын ескерсек және оқушыларды мектепке қабылдау кезінде мұндай сорақылықтың ашық талданғаны жиынға қатысушы қоғамдық ұйым өкілдерін қуантып тастады.

Агенттіктің Алматы қаласы бойынша басшысы А.Байханова Астана қаласының арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығының тәжірибесі бойынша ішкі бизнес-процестерді қайта қарауға қатысты жүргізілген жұмыстың аралық қорытындыларын жасап, кезек күту уақытының қысқартылуына және қызметті алушыларға қызмет көрсету жұмысына ықпал еткен жағымды факторларды атап өтті.

Сонымен қатар, А.Байханова халыққа қызмет көрсету орталықтарында коммуналдық қызметті де көрсетіп, аталған сала бойынша бірыңғай стандартты қызмет көрсету жүйесін енгізуді ұсынды.

Себебі тұрғындар су-газ және электроэнергия салаларында қызмет алу үшін қаланың әр бөлігінде орналасқан түрлі мемлекеттік мекемелерге барып, кабинеттер мен әр қабаттарда бірнеше рет жүгіріп өтініш беруге мәжбүр. Жоғарыдағы ұсыныс осы жағдайдың салдарынан туындап отыр.

Сонымен қатар, Алматы қаласында мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыру ісін қайта қарап, ішкі бизнес-процестерді оңтайландыру және автоматтандыру ұсынылды.

Қоғамдық мүше өкілдері өз кезегінде, мемлекеттік қызметтер көрсетуді орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардан «100 нақты қадам. Ұлт жоспарын» орындау мақсатында халыққа қызметтердің сапалы әрі кәсіби көрсетілуі үшін құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына берілу қажет екендігін атап өтті.

Алик Шпекбаев атап өткендей, қазіргі таңда мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік аппараттың толықтай көрінісі болып отыр. «Сол себепті де біз мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмысының сапасын көтеру мақсатында үлкен және жүйелі жұмыс бастадық. Бұл жұмыс бір реттік сипатта ғана емес. Әрқашан әрі жүйелі түрде жүргізілетін болады. Бұлар бизнес процестерді жетілдіру және тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ыңғайлы жағдайлар тудыруға ғана емес, мемлекеттік қызмет көрсетуде мәдениетті қалыптастырып, аталған салада тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың туындауын жояды», – деп атап өтті Алик Шпекбаев.


Қуаныш Ермекова

 




Көрілген: 1308    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.08.2017, 15:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30