Құқығыңды білесің бе?

Жергілікті жұмыс берушілер оралмандармен еңбек шартын жасаспай ма?

  • Жергілікті жұмыс берушілер оралмандармен еңбек шартын жасаспай ма?

    Жергілікті жұмыс берушілер оралмандармен еңбек шартын жасаспай ма?

Сәлеметсіз бе! Бүгінде көптеген жұмыс орындары жұмысшымен еңбек шартын жасаса бермейді. Біз Ташкенттен келген оралманбыз. Менің 16 жастағы інім жұмыс істейді. Інімнің басшысы еңбек келісім шартқа отырмады. Інім еңбек шартын жасасуға талап қоя ала ма? Әлде, оралмандармен еңбек шартын жасаспайды ма? Құқығымыздың сақталуына ықпал етсеңіздер екен. 


Арайлым, Алматы қаласы

Жауап:


Құрметті Арайлым!


ҚР Еңбек кодексінің 31-бабына сәйкес, оралмандар жұмысқа орналасу барысында еңбек шартын жасау үшін жұмыс берушіге жергілікті атқарушы органдар берген оралман куәлігін ұсына алады.


Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.


Бұл ретте, еңбек шарты:


1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда, он бес жасқа толған азаматтармен;


2) оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушылармен;


3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін осы тармақтың 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.


Осы баптың 2-тармағында айқындалған жағдайларда еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның ата-анасының біреуі, қорғаншысы, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға тиіс.




Көрілген: 1456    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.07.2017, 17:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30