Құқығыңды білесің бе?

Жетісу аудандық сотында жемқорлыққа қарсы жиын өтті

  • Жетісу аудандық сотында жемқорлыққа қарсы жиын өтті

    Жетісу аудандық сотында жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Жемқорлық – көптің күресі. Тамырын тереңге бойлатқан мұндай індетті жеке жүріп жеңем деу қате. Өйткені, пендеуи сезім, адами қызығушылық жойылмай тұрып, сыбайлас жемқорлықты жоямыз дегеніміз әбестік. Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоюдың тетіктерін таразылаған семинар сабағы жақында Алматы қаласы Жетісу аудандық №2 сотында болып өтті.

Сот төрағасы Елмахан Ділдабаевтың жетекшілігімен өткен семинарға судьялар мен сот мамандары, кеңсе қызметкерлері қатысты. Жемқорлыққа қатысты қаралатын істерді, қолданылатын заңнамаларды талдаған төраға мемлекеттік қызметті алақолдықтан арылтудың негізгі тетіктерін де сөз етті.

– Сыбайластықты түбірімен жеңген елдер аз. Осы ретте мемлекеттік қызметтің мәртебесін көтеріп, қызметкерлердің жалақысын жоғарылату арқылы жемқорлыққа тыйым салуға тырысқан Сингапур, Швейцария сияқты елдерді үлгі етіп жатамыз. Дегенмен, жалақының көптігі жемқорлықты болдырмаудың кепілі емес. Болған үстіне бола түскенін қалайтын тоғышарлар жазаның қатаңдығын да, жалақының көптігін де місе тұтпайды. Сондықтан, бұл індетке көп болып қарсы тұрудың амалын ойластырған дұрыс. Парақорлықты үдетіп жатқан қарапайым халықтың өзі. Егер халықтың құқықтық сауаты өсіп, өзіне керектіні пара ұсыну арқылы емес, заң бойынша талап етсе қызметін бұлдайтындар азаяр еді, – деген Елмахан Ділдабаев сот қыз­меткерлерінің азаматтармен тікелей байланысын жойып, электронды қызметтің ауқымын кеңейту қажеттігін атап өтті.

Бұдан кейін сөз алған Жетісу аудандық №2 сотының судьясы Н.Батырхан сот ғимаратына кіру тәртібін сақтаудың маңызына, ішкі тәртіпті қадағалаудың қажеттілігіне тоқталды. Сонымен қатар, ашықтықтың күмәнді азайтатынын жеткізген судья көпшілікті қызықтырған істер бойынша дер кезінде түсінік беріп, жұртшылықтың жағымсыз пікірінің алдын алуға болатынын сөз етті. Жалпы, жемқорлыққа қатысты жағымсыз пікірдің көбі осы жұмыстың ашық жүргізілмеуінен туындайтыны шындық.

Негізі жемқорлыққа қатысты мұндай шаралардың маңызы зор! Осындай іс-шаралар алдағы жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын көрсетеді және сыбайлас жемқорлықтың алғы шарттарын, оны тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға, оның деңгейін қысқартуға ықпал ететін кешенді шараларды қамтиды.Сыбайлас жемқорлық ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да жемқорлықты арамыздан аластату, оны қоғамымызға жат қылық ретінде ашып көрсету, оған қарсы күресу баршамыз болып жұмылатын маңызды іс.
Жиынды қорытындылаған Елмахан Ділдабаев қатысушылар пікірін тыңдап, бірқатар тапсырмалар жүктеді.


Нарқыз ӘЛІБЕКҚЫЗЫ




Көрілген: 1181    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.09.2017, 12:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30