Құқығыңды білесің бе?

Қарыз үшін елден шығармаса не істеу керек?

  • Қарыз үшін елден шығармаса не істеу керек?

    Қарыз үшін елден шығармаса не істеу керек?

Заңға енгізілген соңғы өзгерістерге сай борышы бар адам елден шыға алмайды. Әлемдік тәжірибе, елден шығуға құқықтарды уақытша шектеу – айқын нәтижелерді әкелетін жеткілікті пәрменді шара екенін көрсетеді: атқару міндеттемелері бойынша қарыздар жиі жабылады.


Әрине ұшаққа отырарда шетелге шығуға тыйым салынғанын білу ешкімді қуантпасы анық. Бірақ бұны болдырмауға да болады. Аталмыш мәселе билеттер, жолдамалар сатып алынып, қонақүйлерден орын алынған соң, шекара бақылауынан өткенде де тікелей кездесіп жатады. Шетелге шығуы шектелген адамдардың тізіміне қалай түспеу керек және егер сіз борышкерлер тізімінде болсаңыз не істеу керек.


Кімге және қандай себептер бойынша шетелге шығу шектелуі мүмкін?


Заңның 33-бабына сәйкес борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлғаның басшысы (оның міндетін атқарушы) атқарушылық құжаттағы 20 АЕК астам сомаға талаптарды орындамаған кезде, сондай-ақ мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды үш айдан астам орындамаған кезде сот орындаушысы көрсетілген адамдардың ҚР шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы, ал өндіріп алушының өтініші бойынша осындай қаулы шығаруға міндетті.


Атқарушы құжаттарға мыналар жатады:


Елден тыс шығудан бас тартудың басты себебі атқару құжаттарын орындамау, борыш, қарыз болып табылады. Осылайша, егер сіздің мемлекет алдында салықтар, айыппұлдар немесе басқа адамдар алдында сотқа жүгінуге дейін апарған қарыздарыңыз болса, неғұрлым сақ болу қажет. Төлемеуші деп алименттерді немесе жолақы айыппұлдарын төлемеген, сонымен қатар қаланың коммуналдық қызметтеріне қарызы бар адам саналуы мүмкін. Тізімге 700 теңгеден бастап төленбеген шоттары бар және сот осы қарызды өндіру туралы қаулы шығарған адамдар енгізілуі мүмкін.


Шетелге шығу шектелген адамдардың тізіміне азамат сот орындаушысының қаулысы бойынша енгізілуі мүмкін. ҚР борышкердің шығуына уақытша шектеу туралы сот орындаушысының қаулысы сотпен санкциялауға жатады. Сот санкциялағаннан кейін сіз қаулының көшірмесін аласыз, сондай-ақ оны ҚР ҰҚК шекара қызметі алады, ол сізді қарызыңыздың өтелуі базада расталғанға дейін шекарадан шығармайды.


Егер атқару құжаты сот актісі болып табылмаса және сот актісінің негізінде берілмесе (мысалы, атқарушы парақтар немесе хаттамалар), онда өндіріп алушы немесе мемлекеттік сот орындаушысы борышкер үшін ҚР шығуды уақытша шектеу туралы ұсыныспен сотқа жүгінуге құқылы. Бірақ бұл жағдайда шешімді сіздің қатысуыңызсыз шығаруы мүмкін екенін ескерген жөн, сол себепті қарыз, айыппұлдар, баж алымдарын және коммуналдық төлемдер қызметтер үшін төлемді істі сотқа жеткізбестен уақытылы төлеген дұрыс.


Атқарушы өндірістер бойынша борышкерлердің тізіліміне сот орындаушысы атқарушы құжаттарды ерікті орындауға мерзім аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде борышкердің мәліметтерін жібереді. 


Алаш айнасы




Көрілген: 1399    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.11.2017, 23:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30