Құқығыңды білесің бе?

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

  • Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

    Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

Аламаты қаласының Наурызбай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы семинар өтті. Бұл шара Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410 Заңын орындау мақсатында ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Алаш айнасы.


Бұл Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.


Сыбайлас жемқорлық дегеніміз - лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдардар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.  


ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.


Қоғамды осындай келеңсіздіктен тазаламаса болашағымызға кесірі тиеді. Сондықтан елімізде осындай сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар  көптеп ұйымдастырылуы керек. Алматы қаласының аудандарында бұндай шаралар көптеп өткізіледі. 


Наурызбай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы семинар осы мақсатта өткізілген шаралардың бірі.


Шара барысында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары, мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру жүргізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру мақсатында, басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралар жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі лауазымды адамдардың өкілеттіктері жөнінде айтылып талқыланды.


"Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының миссиясына: халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету жолымен қоғамдық денсаулықты сақтау, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу, техникалық регламенттері мен нормативтік құжаттардың талаптарының орындалуын бақылау және қадағалау, медициналық қызметтердің сапалы көрсетілуін, сондай-ақ тамақ өнімдерін өндіру және сату салаларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, салааралық координация, стратегиялық, регулетивтік, бақылау-қадағалау, іске асыру және рұқсаттық функциялары кіреді.
Сондай-ақ, жергілікті Ведомстволардың функцияларына өз құзіреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе жекелеген түрлерін тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдау; денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың, медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу жөнінде лицензиялау қағидаларының сақталуын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы хабарлама тәртібін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; өз құзіреті шегінде жобалардың мемлекеттік сараптамасына қатысу және тағы басқа функциялар кіреді.
Біздің стратегиялық мақсатымыз - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және қоғамдық денсаулықты сақтау! Өте жауапты қызметіміздің ашық, жариялы түрде болғанын қадағалаймыз. Біздің салада сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" – деді Наурызбай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы А.Бекмұхамедова.

Жиын қорытындысында, басшы басқарма қызметкерлеріне лауазымдық міндеттерін орындау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Әдеп Кодексінің нормаларын, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауды басты назарда ұстауды міндеттеді.


Таңат Жайлауов




Көрілген: 1603    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.09.2017, 13:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30