Құқығыңды білесің бе?

Куәлік алуды кейінге қалдыруға болмайды

  • Куәлік алуды кейінге қалдыруға болмайды

    Куәлік алуды кейінге қалдыруға болмайды

Өткен жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заңы мен «Неке (ерлі­ зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі­не өзгерістер мен толықты­рулар енгізілгені белгілі.

Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар негізінен балалардың, соның ішін­де, ата­анасының қамқор­лығынсыз қалған балалар­дың құқықтарын қорғау бойынша заңнамаларды жетілдіруге бағытталған.Баланың тууын мемлекеттік тіркеу мерзімі айтарлықтай өзгер­тілген. Бұрын, тіркеуші органға баланың тууы туралы өтініш ата-­анасымен немесе басқа да

мүдделі тұлғалармен бала туылған күннен бастап 2 ай мерзім ішін­де берілуге тиіс болатын, ал ен­гізілген өзгерістерге сәйкес бұл мерзім бала туылған күннен бастап үш жұмыс күнін құрайды. Сонымен қатар, медициналық ұйымның лауазымды тұлғасының тіркеуші органға баланың өлі тууы туралы немесе баланың тууы және өмірінің алғашқы аптасында қайтыс болғандығы туралы мәлімдеу міндеті бала туған және шетінеген кезден бас­тап кешіктірілмей жүргізілуі бес тәуліктен 1 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш үш жұмыс

күні өткеннен кейін берілген жағдайда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бекітілген нысан бойынша тіркеуші орган жасаған қорытынды негізін­де жүргізіледі. Осыған сәйкес, «Азаматтық хал актілерін тір­кеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылдың 15 сәуірдегі №219 бұйрығына өзгеріс енгізілді. Баланың туған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін тіркеу жүргізілген жағдайда мына құжаттар:

1) ата­анасының түсініктемесі;

2) баланың туған жері мен ата­анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы жазбасының жоқтығы туралы тіркеу органының анықтамасы (Қазақстан Респуб­ликасының аумағында 2008 жыл­ дан кейін туылған балалардан басқа);

3) «Денсаулық сақтау ұйым­дарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Нор­мативтік құқықтық актілерді мем­лекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) жүгінген кезден бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен

кешіктірілмей берілген, баланың тұратын жері бойынша оның денсаулығы туралы анықтама;

4) көрсетілетін қызметті алу­шының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат ұсынылады. 


Алаш айнасы



Көрілген: 1404    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.12.2017, 16:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30