Құқығыңды білесің бе?

Құқықтық мәдениетті дамытуда таптырмас тәсіл

  • Құқықтық мәдениетті дамытуда таптырмас тәсіл

    Құқықтық мәдениетті дамытуда таптырмас тәсіл

Билердің «Дау мұраты – бітім» ұстанымын бүгінгінің соттары жоғары деңгейде жалғастыруда. Олай дейтініміз, ел азаматтарының басым көпшілігі медиация заңдылығын соттардан естіп-біліп, өз істерінің осы заң аясында бітуіне мүдделілік танытуда.


ҚР Азаматтық процестік кодексінде дау-жанжалды медиация, татуласу келісімі, партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу әдістері қарастырылған. Жоғарыда айтқанымыздай,осы әдістердің өмірге дендеп енуінде соттар белсенділігі жоғары. Мәселен, соттар тараптарға дауды процестің барлық сатыларында реттеуге жәрдемдеседі. Азаматтық істерде дауды медиациямен реттеу «Медиация туралы» заң мен Азаматтық процестік кодекс талаптары аясында жүргізіледі. Егер медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сот актісін орындау сатысында жасалса, ол сот актісінің орындалатын орны бойынша бірінші сатыдағы немесе сот актісін қабылдаған сотқа бекітуге ұсынылады. Медиацияның басты тиімділігі қоғамды ізгілендіруге жол ашатын дығында. Оны үздіксіз насихаттау заңның қолданысқа ену мүмкіндігін жоғарылатады.


ҚР Жоғарғы Сотымен медиацияны қолдануды одан әрі ұлғайту мақсатында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бағытында пилоттық жоба іске қосылды. Жоба бітімгершілік рәсімдердің қолдану аясын кеңейту, істерді қарау мен шешуде тараптардың уақытын үнемдеу, сот шығынына жол бермеу мақсаттарын көздейді. Сот медиациясы бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судьяның тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік, құпиялылық, қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келу қағидаттары негізінде іске асырылады. Бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судья сот медиациясын жүргізу кезінде сот отырысының хаттамасын жүргізу туралы нормаларды қоспағанда, «Медиация туралы» заңмен және АПК-мен белгіленген нормаларды басшылыққа алады. Айта кетерлігі, сот медиациясы тәртібімен дауды реттеу туралы келісімді бекіту және іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарымда, қаулыда мемлекеттік баж салығының қайтарылатындығы көрсетіледі. Егер тараптар сот медиациясы тәртібімен келісімге келмесе немесе келісімшарттарын сот бекітпесе, іс бойынша іс жүргізу қайтадан басталады және істі талқылау жалпы тәртіппен жүргізіледі. Тараптар сот

кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы. Осы заңдылықтарды сотқа жүгінушілерге үздіксіз түсіндірудеміз. Еңбек кодексінде еңбек қауіпсіздігін қорғау, жұмысшылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбеккер мен мекеме арасында туындайтын келіспеушіліктерді сотқа жеткізбей, ымырашылдықпен шешу мәселелері жан-жақты сараланған. Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында адами капиталдың сапасын жақсартуды

тапсырды. Бұл процесте әлеуметтік медиация тетіктерін енгізу маңызды рөл атқарады. Сот тәртібінде қарастыруға тиісті даулардың санын қысқартып, оларды шешудің баламалы тәсілін қолдану, оның ішінде бітімгершілік рәсімдер, яғни, медиация әдісін қолдану адам құқықтарының әділ сақталуының кепілі. Тараптарды татуласуға тәрбиелеу құқықтық мәдениетті дамытудағы таптырмас тәсіл, медиацияның құндылығы да осында.


Дүние-Зада КЕНШИМОВА,

Ақтау қалалық №2 сотының

судьясы




Көрілген: 1396    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.11.2017, 17:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30