Құқығыңды білесің бе?

Мамандық таңдау қалыңдық таңдаудан да қиын

  • ©Алаш айнасы иллюстрациясы

    ©Алаш айнасы иллюстрациясы

«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы Оңтүстікте сәтті жүзеге асуда. Өткен жылы облыс бойынша 10 103 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Кәсіби оқуға 2 979 адам жолданды. Оқуды аяқтағандардың 99,4 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 7 334 адам жолданды, олардың 95,4 пайызы жұмыс тапты. Жастар практикасына 8 886 адам жолданды. Практика өткендердің 55,8 пайызы жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, 1 348 адам бағдарлама аясында 3,1 млрд. теңгенің шағын несиесін алды. Нәтижесінде облыста жұмыссыздықтың деңгейі былтыр 0,1 пайызға төмендеп, 5,5 пайызды құрады. Дегенмен...

Мемлекеттік бағдарламаның арқасында жұрттың бәрі жұмыс тауып алды дей алмайсың. Өйткені, көп адамдар нарықта сұранысқа ие мамандықтарды игермеген. Оған қоса талай адам мамандық таңдауда адасып, өзіне сәйкес келмейтін салаларда өнімсіз жұмыс істеуде. Енді не істеу керек? Мамандық таңдаудың қалыңдық таңдаудан да қиын екенін ескерген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша «Кәсіптік бағдарлау» атты пилоттық жобаны іске қосты. Мақсат — әркімнің өзіне лайықты мамандықты таңдауына көмектесу. Бұл жоба биыл Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге асуда. Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушыларымен қатар 9,11 сынып оқушылары да кәсіптік бағдарлаудан өткізіледі.

Енді оқырман қауымға түсінікті болу үшін кәсіптік бағдарлау дегеніміз не деген сауалға тоқталсақ. Аталған пилоттық жобаның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жетекшісі Гүлзат Телғазиеваның айтуынша, қатысушылар 12 қадам бойынша кәсіптік бағдарлаудан өтіп, өзінің тумысынан, табиғатынан қандай кәсіпке бейім екенін біле алады.

Гүлзат ТЕЛҒАЗИЕВА, «Кәсіптік бағдарлау» пилоттық жобасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жетекшісі:

-- Бүгінде адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі – мамандық таңдау. Қазір әлемде 80 мыңдай, ал Қазақстанда 8 мыңдай мамандық бар. Кәсіптік бағдарлаудан өтпеген адам үшін осының арасынан өзіне ең лайықты мамандықты таңдап алу қиынның қиыны. Адам өз ісін жан-жүрегімен сүйіп, барынша беріліп істегенде ғана білікті маманға айнала алады. Ол үшін тұлға өзінің қандай мамандыққа бейім, лайықты екенін, болмысына қай кәсіп жақындығын, өзінің қандай қарым-қабілтке ие екенін анық білуі тиіс. Бүгінгі жұмыссыздар–кешегі оқушылар, колледждер мен университеттердің студенттері. Неге олар соншама жыл оқып, соңында жұмыссыз қалды? Өйткені, олар өздеріне лайықты мамандықты дұрыс таңдай алмады, соның салдарынан еңбек нарығында сұранысқа ие боларлықтай білікті, мықты маман ретінде қалыптаспады.

Тәуелсіз әлеуметтік зертеулер қазір Қазақстандағы жас мамандардың 50 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейтінін көрсеткен. Ал, оқушылардың 70 пайызы мамандықты дұрыс таңдау жолдарын білмейді. «Егер кәсіптік бағдарлау жүйесі дереу енгізілмесе, күні ертең қазіргі оқушылар мен студенттердің де айтарлықтай бөлігі жұмыссыздар армиясының қатарын толықтырады» дейді мамандар. Сондықтан бүгінде барлық өркениетті елдерде жан-жақты жетілген кәсіптік бағдарлау жүйелері жұмыс істейді.

Гүлзат Телғазиеваның айтуынша, Қазақстанда да экономика, социалогия, психология саласының ғалымдары бірлесе отырып, кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізуде екен. Аталған зерттеулерге сүйене отырып жасалған «Кәсіптік бағдарлау» бағдарламасы — халықты тұрақты жұмыспен қамтудың қазақстандық моделін қалыптастыруға бағытталған әлемде баламасы жоқ тың жоба. Азаматтар алдымен жергілікті жұмыспен қамту орталықтарында тіркеліп, біздің бекеттерге келіп компютерде кәсіптік бағдарлау тестін тапсырады. Бұл автоматтандырылған бағдарлама 20 минуттың ішінде адамның қандай мамандыққа бейім екенін анықтап береді. Мұнан кейін арнайы дайындықтан өткен психологтарымыз ол адаммен жеке жұмыс істеп, оның кәсіптік әлеуетін арттыруға атсалысады. Өзінің шын мәнінде кім екенін, қандай мүмкіндіктерге ие екенін танып-білуіне көмектеседі. Одан әрі жобаға қатысушылар Алматы қаласынан арнайы келген жорғары білікті мамандар өткізетін тұлғалық өсу тренингтерніе қатысады. Сөйтіп болашақта кәсіптік бағдарлаудан өткен адамдардың мәліметтері топтастырыла келіп кадрлардың жалпыұлттық мәліметтер базасы жасалады деген жоспар бар. Ең бастысы бұл қызметтің барлығы қазан-қараша айларында 21 005 адамға тегін көрсетіледі. Біле білсек, бұл Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарына мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан үлкен қолдау.

Республикада қолға алынған қанатқақты жоба сәтті жүзеге асып жаста, елдегі жұмыссыздық мәселесі азда болса оң шешімін табар еді. Жас ұрпақтың ерекшелігіне қарай кәсіптік бағдарлау жүйесі қолданысқа енгізілсе, бұл ел халқының тұрмысының түзеліп, мемлекетіміздің қуатының еселенуіне ықпал етері сөзсіз. Сондаға ғана өз ісінің нағыз майталман мамандары қалыптасып, елге қажетті мамандарды шетелдерден іздеп әуре болмас едік.

 


 

Автор: Нұршат ТӨКЕН




Көрілген: 2928    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.10.2014, 17:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30