Құқығыңды білесің бе?

Медиация – көне ғұрыпты тірілткен заң

  • Медиация – көне ғұрыпты тірілткен заң

    Медиация – көне ғұрыпты тірілткен заң

Өз жұмысын онлайн режимінде ашық өткізген Жоғарғы Соттың бастамасы басқа құрылымдарға үлгі болары анық. Тікелей эфирде жартыжылдық жұмысты таразылаған үшінші билік осылайша өз қызметін ашық, жариялы жүргізетінін сөзбен емес, нақты іспен дәлелдеді.

Бұл жиында саланың жетістіктері де тізбеленді, кемшіліктер де айтылмай қалмады. Деректерге сүйенсек, Жо­ғарғы Соттың тікелей желіде өткен қорытынды жиынын 50 мың ел тұр­ғыны көрген екен. Ал, әлеуметтік желі арқылы жиынға қатысты ақпа­ратпен 9900 адам бөліскен. 21 шіл­де күні бұл жаңалық Қазнеттегі ең оқылымды ақпараттар тізбесіне кірген. Мұның өзі халықтың ашық бай­ланысты қалайтынын, құзырлы орындар жұмысының жариялы түр­де көрсетілгенін құптайтынын дәлелдейді.

Осы жиында белгілі болғанындай, биылғы жылы тараптарды татуластыру жолымен келісімге келтіру істері кө­бейген. Яғни, медиаторлардың белсенділігі артып, өзара келісімге келуге тырысатын азаматтардың қа­тары қалыңдаған. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында үш мыңнан астам іс ортақ келісімге келумен аяқ­талғаны соның айғағы. Сондай-ақ, осы аралықта он үш мыңнан астам дау медиацияны қолданумен шешімін тапса, 283 іс қос тараптың қорғаушыларының араласуымен тиімді аяқталған. Ауыз толтырып айтарлықтай жақсы нәтижеге оңай қол жеткен жоқ. Бітімгершілік қазақ қоғамында бұрыннан болғанымен, «Медиация туралы» заң көне ғұрыпты бірден тірілтіп, жандандыруға пәрменді болмады. Сондықтан, сот тарапынан медиацияның тиімділігін түсіндіріп, медиаторлардың қызметін жандандыруға қатысты іс-шаралар тұрақты жүргізілді. Арнайы дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, ауыл ақсақалдары, зейнеттегі заңгер, адвокаттардың, белгілі азаматтардың басын қосып, медиатор болудың маңыздылығы түсіндірілді. Нәти­жесінде медиатор болуға ынталылар сапы толықты. Халық медиацияның не екенін, медиатордың кім екенін білді.

Жаңа Азаматтық процестік кодекс бітімгершілік институтын жандандыруға, медиацияның өрісін кеңейтуге жол ашты. Кодексте татуластыру рәсімдері арнайы тарауға топтастырылып, енді медиациямен тек медиаторлар емес, сонымен бірге, судья-медиаторлар, адвокаттар да айналысатын болды. Дауды сотқа жеткізбей шешу тетіктерінің көбеюі тараптарға да тиімді, судьялардың да жұмысын жеңілдетуге ықпалын тигізгенін айта кеткеніміз жөн.

А.Әбілмажинова 




Көрілген: 1438    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.08.2017, 14:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30