Құқығыңды білесің бе?

Медиация жемқорларға қолданылмайды

  • Медиация жемқорларға қолданылмайды

    Медиация жемқорларға қолданылмайды

Елдегі тәртіпті қатаң жазаның күшімен ұстауды жөн санайтын елдер бар. Жазаның жоғарылығын тұрғындар санының көптігімен байланыстыратын Қытай елі осы арқылы өзгелерге ой салуды, қылмыстың алдын алуды көздейді. Әрине, миллиардтардың мүддесін қорғап, алып елдің тәртібін сақтау үшін мұндай қаталдық та керек шығар. Бірақ, жазаны жоғарылату бұл мәселенің нақты шешімі еместігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері ең басты байлығы адам деп танып, бар игілікті тұрғындар тірлігімен байланыстыруда. Ізгілендіру бағытын ұстанған елімізде қылмыстың салдарынан гөрі, себебімен күресуге мән беріледі. Сондықтан да, жаңа заңнамалардың барлығының өн бойында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған тетіктер қарастырылған. «Медиация туралы» заң да ізгілендірумен, кешірімшілдікпен өзектес. Ежелгі дала заңын жандандырған бұл құжат тараптар арасындағы дауға татуласу, ортақ келісімге келу жолымен нүкте қоюды көздейді. Медиацияның әу беста азаматтық дау-жанжалдарға қолданылғаны белгілі. Ал, Қылмыстық кодекстің 68-бабына сәйкес, татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың жаңаша реті дәйектелген. «Алдыңа келсе – атаңның құнын кеш», «Иілген басты қылыш кеспейді» деп кешірімшілдікті, имандылықты өсиет еткен бабалар тәлімін бұл заңнаманың да өн бойынан көру қиын емес. Өйткені, мұнда «Қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде, медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылатыны» белгіленген. Яғни, қылмыстың бәріне, қылмыскердің кез келгеніне жеңілдік бұйырмайды. Мұндай игіліктен қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, зейнет жасындағы азаматтар үміт ете алады.

Мәселен, мектептің оқу бағдарламаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері енгізілген. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында білім алып жатқан еліміздің 4 миллион оқушысы қамтылған. Еліміздің барлық мектептерінде «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылып, оған 900 мың оқушы мүше болып қабылданды. Аталған еріктілер клубтарында адалдық тақырыптарында сабақтан тыс түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Еліміздің барлық жоғары оқу орындары мен колледждерінде «Таза сессия», «Адал бол», «Сыбайлас жемқорлықтан тыс университет» жобалары жүзеге асырылуда. Аталған жобалардың аясында студенттер білім мекемелерінде академиялық адалдық қағидаларын басшылыққа ала отырып, жатақхана, шәкіртақы мәселелері бойынша әділеттілік пен ашықтықты жүзеге асыруда өздері бастамашылық көтеруде. Жастар адалдық, әділеттілік пен тазалық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы имунитетті жоғарылатуда түрлі шешімдерді өздері қабылдай алады.

Әрине, қылмыс жасаған адамға мұндай жеңілдіктің жасалуын жөн емес деп санайтындар да баршылық. Қоғам болған соң мұндай пікір қайшылығының орын алуы заңдылық. Және кейде қарсы пікір білдірушілер алға тартқан мысалдар жазасыздық жаңа қылмысты тудырмай ма деген күдікті көбейтетінін де жасыруға болмас. Десек те, мемлекеттің өз азаматтарының келешегін ойлап, түзелуіне сенім білдіріп, осындай ізгі істі бастауын жөн емес деп айта алмаймыз. Егер ізгілендірудің игілігі ұсынылғандардың оннан бірі қателігін түсініп, түзелуге бет алса үлкен мақсаттың орындалғаны. Ал, мүмкіндікті пайдаланбай, түзелуге әрекет жасамай, қиыс жолға қайта түскен тәртіп бұзушыларға жаза қатаң болуға тиіс. Қылмыстық жауаптылықтан босату кезінде кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылатынын да қаперге сала кетейік.

Сондай-ақ, медиацияның мүмкіндігін пайдалана алмайтындар реті де белгіленген. Қылмыстық кодексте атап өтілгендей, абайсызда адам өліміне не екі және одан көп адамның өліміне әкеп соққан қылмыс, сыбайлас жемқорлық, террористік, экстремистік қылмыс, қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған адамдарға медиация қолданылмайды.

 


Ұлан КІШІБАЙ




Көрілген: 1130    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.08.2017, 11:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30