Құқығыңды білесің бе?

Медиация мәртебесі артып келеді

  • Медиация мәртебесі артып келеді

    Медиация мәртебесі артып келеді

2011 жылдың 28 қаңтарында «Медиация туралы» заң қабылданып, сол жылғы тамыз айынан бастап қолданысқа енгізілді. Қазір медиаторлардың көмегімен дауды келісіммен шешу оң үрдіске айналып келе жатыр. Жалпы, «Медиация туралы» заң табиғатымызға етене жақын.

Бұрынғы заманда билер соты секілді құқықтық институт болғаны және қоғам өмірінде ерекше рөл атқарғаны белгілі. Ал медиация осының жаңаланған түрі. Жыл сайын сотқа арызданушылардың саны 1,5 млн адамнан асады. Сондықтан, соттардың мойнындағы осыншама жүктемені қысқарту үшін, қоғамда келісім орнату үшін медиация енгізу жөн деп есептелді. Бұл кәдімгі билер билігінің жалғасы. Демек, Қазыбек, Әйтеке, Төле билердің дана саясаты бүгінгі сот жүйесіне енді деген сөз.

Ал осы би, шешендер даулы мәселені төрт-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған. Тындырғанда да хатсыз, ол ауызша жүзеге асып, шешімі бітіп жатқан. Салыстырып қарасақ, ертедегі бір бидің өзі осы күнгі соттың да, прокурордың да, полицияның да, яғни қаншама мекеме, ұйымның да қызметін атқарып келген. Би болып белгіленетін тұлғалар өзінің тапқырлығы мен шешендігін, әділ төрелік айта алатын қасиетін көпшілік алдында көрсете білген. Олар барынша адал, ешкімге бұра тартпайтын, тура сөйлейтін нағыз шешен әрі халықтың көкейіндегісін айтқан әділет жаршысы болған. Сондықтан да халық «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», деп мақалдап кеткен.

Ертеде бітімгершілік уәжге құлақ аспау көргенсіздік, тексіздік ретінде бағаланған. «Бітімшілікке тоқтамағаннан береке іздеме» деген сөз осыдан шыққан. Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Елімізде «Медиация туралы» заңның қабылдануы, яғни өркениет көшіне бет түзеген батыл қадамдардың жасалуы біздің қоғамымызда оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісі екендігін айғақтайды. Бұл заң – қазақ халқының дәстүрлі билер мен ата-бабалар тағылымын, әдет-ғұрып тәжірибесін қалпына келтіруге жасалған игі қадамдардың бірі. Кешегі бабаларымыздың бітімгершілік заңы мен бүгінгі медиация заңының арасында үлкен сабақтастық жатыр. Президентіміздің сын-ескертпелерінен кейін медиация заңы мен татуластыру рәсімдерінің маңыздылығы мен мақсаты елімізде қарқынды түрде насихатталып, іске асып жатыр. Ең бастысы, медиация заңының қолданыс аясы кеңейіп, дауларды шешу кезінде тараптарды бітімге келтірудің берекелі жолы қалыптасуда.

Жалпы, осындай түрлі балама тәсілдерді тәжірибеге енгізу қоғамның дамуына тың серпін береді. Дамыған отыз елдің қатарына құрғақ көрсеткіштер, жалаң қағидалармен ене алмаймыз. Себебі, озған елдің экономикасы, әлеуеті ғана емес, мәдениеті мен рухани құндылықтарымен қатар заң үстемдіктері де берік болуы шарт. Сондықтан да Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап Елбасы Н.Ә.Назарбаев демократиялық мемлекеттің жоғары стандарттарына лайықты сот жүйесін құруды алға қойған болатын. Осы жылдар ішінде Қазақстанның сот жүйесі реформалық сатылардан өтіп, қазір әлемдік стандартқа толық сәйкес келетін сот жүйесі қалыптасуда.


Алаш айнасы

 




Көрілген: 1141    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.07.2017, 16:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30